11.11.2016, 12:36 4306

Солтүстік-Қазақстан облысында қуаттылығы 6000 тонналық қазіргі заманғы астық қоймасы желісі пайдалануға берілді

Солтүстік-Қазақстан облысында қуаттылығы 6000 тонналық қазіргі заманғы астық қоймасы және оныӊ жанындағы қабылдау, бастапқы тазалау, сақтау, дәнді дақылдардыӊ элиталық тұқымын кептіру және жөнелту желісі пайдалануға берілді.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ 10 жылдық мерейтойы қарсаӊында республиканыӊ агроөнеркәсіптік кешені кезекті маӊызды нысанмен толықтырылды, деп хабарлайды холдингтіӊ баспасөз қызметі.

Солтүстік-Қазақстан облысында қуаттылығы 6000 тонналық қазіргі заманғы астық қоймасы және оныӊ жанындағы қабылдау, бастапқы тазалау, сақтау, дәнді дақылдардыӊ элиталық тұқымын кептіру және жөнелту желісі пайдалануға берілді. Өӊір үшін маӊызды жоба облыстыӊ Ғ. Мүсірепов ауданында орналасқан және "ҚаАгро" холдингініӊ құрылымындағы компания "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша 842,9 млн. теӊге сомасына қаржыландырылған. Астық қоймасы мен тұқымдық желіні "Агрофирма "Приишимский" ЖШС сатып алды, ол өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған компания. Бұдан бұрын "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландыруымен шаруашылық өз репродукторына арнап ангус тұқымды 400 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алған болатын.

Жаӊа желіні Германияныӊ танымал "Petkus" компаниясы құрастырды, ол аграрлық сектор үшін жоғары технологиялық жабдықтардыӊ түр-түрін шығарады. "Агрофирма "Приишимский" ЖШС бұл жабдықты сатып алуда өсірілген өнімніӊ құнын оныӊ сапалық сипаттамасын сақтау бойынша рәсімдерге шығынды азайту, сондай-ақ жоғары кондициялық өз тұқымдарын дайындау арқылы арзандату мақсатын көздедеді. Жобаныӊ ерекшелігі түрлі дақылдарды алдын ала тазалауға және егу алды өнімді дәрілеу мүмкіндігінен тұрады. "Ол тұқымды салмағы және заты бойынша сұрыптайды. Ирбір дән бірдей болып шығады. Бұл жерде іс жүзінде жүз пайыздық көктеу және жүз пайыздық өсім болады" - дейді агрофирма директоры Мустафа Гулиев.

Іске қосылған өндіріс өӊірде қазір жалғыз осындай өндіріс орны екенін атап өту қажет. Кәсіпорын аудан мен облыстыӊ шаруашылықтарынан сапалы тұқымдық материал өндіруге және жеткізуге көптеген өтінім қабылдайды.

Астық қоймасыныӊ құрылысы бағытында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі республиканыӊ АӨК инвестициялық жобаларды іске асыру шеӊберінде қаржыландыруға 47 жоба мақұлданды, оныӊ жалпы құны 27,31 млрд. теӊге және біржолғы сақтау қуаты 884,8 мыӊ тонна.Бүгінгі таӊда мақұлданған жобалардыӊ жалпы саныныӊ пайдалануға 21,79 млрд.теӊгеніӊ 37 нысаны пайдалануға берілді.

Қазақстан астығыныӊ экспорты мен оны қайта өӊдеу инфрақұрылымын дамыту бағытында холдинг құны 17,60 млрд.теӊгеніӊ 30 жобасын мақұлдады, астықты ауыстырып тиеу қуаты жылына 3,15 млн. тонна, өӊделген астық көлемі жылына 279,7 мыӊ тоннаға дейін. Оныӊ ішінде құны 17,57 млрд. теӊгеніӊ 26 жобасы іске қосылды.

Жалпы Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында ағымдағы жылдыӊ қараша айыныӊ басында жалпы құны 324,0 млрд. теӊгеніӊ 530 инвестициялық жобасы бар. Осы ретте пайдалануға беру кезеӊінде шамамен 16,0 мыӊ жұмыс орны құрылмақшы. Жалпы құны 273,4 млрд. теӊгеніӊ 487 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, шамамен 15,1 мыӊ жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы жалпы құны 18,8 млрд.теӊгеніӊ 37 жобасы іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оныӊ құрамына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтіӊ құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны