09.07.2020, 19:55 6495

Сovid-19 пандемиясы кезінде кәсіпорындарға арналған негізгі еңбек қауіпсіздігі

Сovid-19 пандемиясы кезінде кәсіпорындарға арналған негізгі еңбек қауіпсіздігі

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan Today - Әрбір кәсіпорын COVID-19 пандемиясының таралуын тоқтатуға үлес қоса алады

1.Қызметкерлерді COVID-19 туралы ақпараттандыру үшін үйлестіру тобын құру қажет.

Қызметкерлер COVID-19 қатысты мынадай медициналық ақпаратты білуі тиіс:

өндірістік гигиенаны, әлеуметтік немесе физикалық арақашықтықты сақтау;

жеке қорғану құралдарын пайдалану, оны дұрыс жою әдістеріне үйрету.

2.Өндірісте қызметкерлер арасындағы жеке байланысты азайту үшін жұмыс тәртібін өзгерту.

Әлеуметтік (немес физикалық) арақашықтық - жұмыс орнында адамдар арасында кем дегенде 2 метр қашықты сақтау.

Мақсаты - вирустың таралуын тоқтату немесе азайту үшін адамдар арасындағы физикалық арақашықтықты ұзарту.

Бұл дегеніміз:

ыңғайлы жұмыс кестесін енгізу(мысалы, үйден жұмыс істеу)

өндірісте қызметкерлер арасындағы арақашықтықты ұзарту

жиындарды онлайн өткізу және қашықтан қызмет көрсету (мысалы, бейнеконференцияның көмегімен немесе телефон арқылы кеңес өткізу немесе мерзімін ауыстыру, көп адам қатысатын жиналыстарды тоқтату).

өндірістегі мәдениетті өзгерту (мысалы, қол алып амандасудан бас тарту, демалу кестесін құру, кәсіпорында қызметкерлердің бірге тамақтануын тоқтату)

аса маңызды болмаса, іссапарды кейінге қалдыру.

3.Гигиена сақтау және кеңселерді желдету.

Мақсаты: жұмыс орнын таза ұстау және лас жерлерде инфекцияның таралуының алдын алу.

барлық бөлме, кабинетті жуу, дезинфекция құралдарымен күн сайын тазалау.

Жұмыс орындары мен демалыс бөлмелеріндегі (мысалы, микротолқынды пештің немесе тоңазытқыштың тұтқасын, омпьютердің пернетақтасын) заттарды кемінде 2 рет дезинфекциялаңыз.

жұмыс орнын жиі желдету немесе бактерицидті сүзгісі бар рециркулятор пайдалану.

4.Қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және қол гигиенасын сақтау.

Мақсаты: жұмыс уақытында гигиена сақтау

қолды жууға жағдай жасау (сабын, таза су және бір рет қолданылатын қағаз немесе жеке қол сүлгі).

бірнеше жерге қолға арналған антисептик қою. Мүмкін болса, антисептик дозаторларын орнату.

қызметкерлерді жұмыс аяқталған соң қолды тазалап жуғанға дейін көз, мұрын және ауызды ұстамауға үйрету.

көрінетін жерлерге COVID-19 алдын алу үшін қол гигиенасын сақтау қажет деген ақпарат ілу.

5.Респираторлық гигиенны сақтау және медициналық маска кию.

Медициналық маска тағудағы мақсат: айналасындағыларға індет жұқтырмау және аурудан алдын ала қорғану(яғни, профилактика).

жабық нысанда жұмыс істейтін қызметкерлерде әлеуметтік арақашықтық сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда медициналық маска кию.

медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру ( 2-3 сағат сайын),

егер маска ылғал немесе лас болса, қолдануға болмайды.

қызметкерлер жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір рет пайдаланылатын орамалмен немесе сулықпен толық жабу қажет, егер майлық болмаса, қолды бүгіп, шынтаққа жөтелу керек.

6.Қызметкерлердің денсаулығын тұрақты түрде бақылау.

Мақсаты: COVID-19 күдікті адамдарды уақтылы анықтау және ұжымда инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу

жұмыс күні/ауысым басталар алдында қызметкерлердің дене температурасын өлшеу

қызметкерлерден респираторлық инфекция (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) белгілері бар ма, соны сұрау

қызметкерлердің жұмысқа неге келмегенін мұқият мониторинг жасау, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлу.

респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер анықталған кезде дереу оқшаулау және оны үйге немесе дәрігерге жіберу

респираторлық инфекциялар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) болған жағдайда қызметкерлерге үйде қалуға немесе алыстан жұмыс істеуге кеңес беру.

жақын қарым-қатынаста болған немесе COVID-19 жұқтырған қызметкерлер үйде оқшаулау немесе емді тоқтағанға дейін жұмысқа келмеуі тиіс.

жұмыс берушілер демалыстан жұмысқа қайта оралған немесе өзге себептермен жұмыста болмаған қызметкерлерден COVID-19 тестінің нәтижелерін талап етпеуі тиіс

7.Адамдармен барынша байланысты азайту (кәсіпорын, офис және т. б.)

Мақсаты: COVID-19 таралуын тоқтату және кәсіпорын, бизнестің т. б. жұмысын тоқтатпау.

ұжымда кез келген шараға, қызметкерлерге бұқаралық жиындарға қатысуға тыйым салу

қызметкерлерді жұмысқа және үйне қызметтікк көлікпен тасымалдау

қызметкерлерді басқа адамдармен тығыз қарым-қатынасты (мысалы, велосипедпен жүру, жүру, көлік жүргізу немесе көлікпен жүру, жалғыз өзі де, отбасы мүшелерімен де) азайтатын көлік түрлерін пайдалануға ынталаыру

және өтетін, киім ауыстыратын бөлмелерде қызметкерлердің жиналуына жол бермеу.

8.Қызметкерлер өзінің және өзгелердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне жаупкершілікпен қарауға, ал жұмыс берушілер инфекцияның алдын алуға және қарсы іс-шаралар қабылдауға міндетті

әлеуметтік арақашықтық,

қол гигиенасын сақтау,

жабық нысанда медициналық маска тағу және респираторлық гигиенаны сақтау

адам көп жиналатын жерге бармау

ЖРВИ белгілері (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) байқалған жағдайда үйде қалу.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны