11.09.2006, 14:48 4419

Степногорск тау-кен химиясы комбинатында күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсімі өтті

АЛМАТЫ. 11 қыркүйек . Kazakhstan Today. Кеше, 10 қыркүйек күні Спеногорск тау- кен химия комбинатында "Қазатомпром" Ұлттық атом компаниясының (ҰАК) сенімді басқаруындағы Күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсімі болды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Спеногорск тау-кен химиясы комбинаты" ЖШС Күкірт қышқылы зауытындағы күкірт өндірісінің жылдық көлемі 180 мың тоннаны құрайды, алдағы уақытта оны 360 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Құрамында күкірт қышқылы бар шикізат ретінде Қазақстан республикасы өндіретін қарапайым күкірт пайдаланылады. Шикізатпен (күкірт түйіршіктері) "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны қамтамасыз ететін болады.

Күкірт қышқылы химия өндірісіндегі ең негізгі өнім, ол халық шаруашылығының түрлі саласында қолданылады. Күкірт қышқылы ең арзан әрі күшті қышқылдардың бірі. Уран, мұнай, металл өңдеу, тоқыма және басқада өнеркәсіп салаларында қолданылады, ылғал тартқыш және құрғату заты ретінде де іске жарайды, залалсыздандыру процесінде және уландыру мақсатында да күкірт қышқылы жиі пайдаланылады.

Осыған дейін хабарланғандай, Степногорск тау-кен химиясы комбинаты 2004 жылдың қыркүйек айынан бері "Қазатомпром" Ұлттық атом қомпаниясының сенімді басқаруында.

Ұлттық компанияның Степногорск тау-кен химиялық комбинатын дамыту бағдарламасына сәйкес 2005-2007 жылдар аралығында $180 млн. астам инвестиция салу көзделген, бұл 2010 жылға қарай комбинатта жылына $200 млн. тауар өндіруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны