08.07.2014, 20:31 1879

Степногорскте 5 ай ішінде 27,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Степногорскте 5 ай ішінде 27,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. Бұл туралы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығару барысында облыс әкімі Сергей Кулагинге баяндалды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Степногорскте 5 ай ішінде 27,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. Бұл туралы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығару барысында облыс әкімі Сергей Кулагинге баяндалды.

Қала өнеркәсіптік кәсіпкерліктрі тарапынан 5 айда 27,2 млрд теңгенің тауар өнімдері шығарылды, бұл 2013 жылдың осы уақытындағы өнімні 97 пайызын құрайды. Жалпы, жыл ішінде 80 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12 пайыз жоғары болмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

ҮИИД МБ туралы айтар келіп, қала әкімі Мұратбек Тақамбаев қаланың Индустрияландыру картасына 22 млрд теңгенің 7 жобасының енгізілгенін мәлімдеді. 9,9 млрд теңгенің 6 жобасы іске асырылған.

Кәсіпкерлік жайын баяндаған қала басшысының айтуынша, белсенді субъектілердің көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Ал жеке кәсіпкерліктер бойынша бұл көрсеткіш 9,3 пайыздық өсімді құрайды. Шағын кәсіпкерлерден түсетін салықтық түсімдер осы орайда үштен бірге артқан.

Жиында Моноқалалар бағдарламасы аясындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы бірінші кезектегі шаралардың іске асырылу барысы айтылды. Аталмыш бағдарламада автожолдар мн қаланы абаттандыру жұмыстарына 1,1 мрлд теңге қарастырылған. Сумен қамту жүйесін қалпына келтіру бағдарламасы аясында магистральді сумен қамту жобалары іске асырылуда.

Бюджеттің орындалуы 1 шілдеде табыстар бойынша 104,2% құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны