17.04.2017, 18:26 5214

Сүлейменов: ЖӨБ бюджетін сапалы енгізу үшін дайындық шараларыныӊ жоспары әзірленді

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Нұр Отан" партиясыныӊ Мәжілістегі фракциясыныӊ жиыны барысында бюджет пен коммуналдық меншіктіӊ IV деӊгейін уақтылы және сапалы енгізу үшін жасалатын дайындық жұмыстары туралы хабарлады.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Нұр Отан" партиясыныӊ Мәжілістегі фракциясыныӊ жиыны барысында бюджет пен коммуналдық меншіктіӊ IV деӊгейін уақтылы және сапалы енгізу үшін жасалатын дайындық жұмыстары туралы хабарлады.

Еске салсақ, 18 қаӊтарда Ұлттық экономика министрі Мәжілісте аудандық маӊызы бар қалалар, ауыл, кент және ауылдық округтер деӊгейінде жергілікті өзін өзі басқарудыӊ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді қарастыратын заӊ жобасын таныстырған еді. Депутаттар ауыл әкімдерініӊ қаржылық сауаттылығына, кадрлармен, компьютерлік құрал-жабдықтармен және интернет байланысымен қамтамасыз етуге назар аудару қажеттігін атап көрсете келіп, заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Министр заӊ жобасыныӊ осы бөлігі пысықталатынына сендірді.

"Мәжілістіӊ пленарлық отырысындағы талқылау Жергілікті өзін өзі басқарудыӊ дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы дайындауға алып келді", - деді министр.

Сүлейменов Іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 2017 жылғы 1 маусымға дейін ауылдық округтердегі жылжымайтын және жылжымалы мүліктердіӊ тіркелмеген нысандарын анықтауға, ал 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелері мен деректер базасыныӊ толық дайындығын тексеру, өзектендіру және интеграциялау жолымен қамтамасыз етуге тапсырма берілгенін хабарлады.

Бұдан басқа, ауылдық округтер әкімдері аппаратын интернет байланысымен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін интернет-провайдерлермен кездесу өткізілді. "Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде ауылдық округтер әкімдерініӊ аппаратын қажетті жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді", - деді Сүлейменов.

Ол бюджетпен және коммуналдық мүлікпен жұмыс жүргізу үшін жоғары немесе ортадан кейінгі білімі бар экономикалық, қаржылық және бухгалтер мамандары қажет болатынын атап айтты. "1066 ауылдық округта экономикалық, қаржылық және бухгалтерлік білімі бар штаттағы қызметкерлердіӊ жалпы саны 2297 бірлікті құрайды. Бұдан басқа, аталған ауылдық округтерде заӊгерлік білімі бар 1093 штаттық қызметкерлер бар. Бұл жергілікті жерлердегі жеткілікті кадрлық әлеуетті көрсетеді", - деді Сүлейменов.

Мұныӊ сыртында, Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға жыл аяғына дейін ауылдық округтер әкімдерініӊ аппаратын сәйкес білімі бар штаттық бухгалтерлермен және заӊгерлермен қамтамасыз ету тапсырылды. Сүлейменов сондай-ақ, бюджеттік үдерістер мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша арнайы оқыту ұйымдастырылғанын еске салды.

Министрдіӊ мәліметі бойынша, 16 ауылдық округ компьютер құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Облыс әкімдіктеріне 2017 жылғы 1 қарашаға дейін бұл мәселені шешу тапсырылды.

Сүлейменов "Қазақстан Республикасыныӊ жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша кейбір заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қарау аясында барлық даулы түзетулер шешілгенін, мемлекеттік органдардыӊ 29 заӊға қосымша актілер жобасын әзірлегенін атап айтты.

"Бюджет пен коммуналдық меншіктіӊ IV деӊгейін уақтылы және сапалы енгізу жөніндегі барлық шаралар Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде қабылданатын болады", - деді Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны