23.01.2014, 20:38 4157

Сумен қамтамасыз ету жүйесінде сорғы құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдалану энергия шығынын 40%-ға төмендетеді - ӨДМ

"Бүгінде біз энергиялық тиімді сорап құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдаланатын болсақ, онда энергия мен жылудың 40% үнемдейміз", - деді А. Сманқұлов.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Сумен қамтамасыз ету және оны бұру жүйесінде сорап құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдалану энергия шығынын 40%-ға төмендетеді, деп "ҚР елді мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелерін жобалаудағы маңызды сұрақтар" атты халықаралық конференцияда Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары Асқар Сманқұлов хабарлады.

"Бүгінде біз энергиялық тиімді сорап құралдары мен арматуралық ілмектерді пайдаланатын болсақ, онда энергия мен жылудың 40% үнемдейміз", - деді А. Сманқұлов.

Сондай-ақ ол, Атыраудағы арматуралық ілмек жасайтын кәсіпорнын "Шеврон" және "Сигматекс" компанияларының іске қосқанын тілге тиек етті.

Жалпы, төрағаның айтуынша, елімізде пластикалық құбыр жасайтын 69 зауыт жұмыс істесе, металл құбырларды жасайтын зауыт Ақтау қаласында бой көтерді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны