Түркістан облысында Арыстанбаб кесенесінің маңайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Түркістан. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы жұмыс сапарымен Отырар ауданына барды. Ондағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Алдымен аймақ басшысы Қоғам ауылдық округіндегі "Отырар-Құрал" ЖШС-нің қарқынды бауына аялдады. Алма өсірумен айналысатын серіктестік 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны 200 млн. теңгені құрайды. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, оның 12 гектарына 32 мың дана алма ағашының көшеті отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары егілген. Қожалық жұмысымен танысқан Өмірзақ Естайұлы аудан әкіміне Отырар аймағында қарқынды бау көлемін арттыру қажеттігін тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Арыстанбаб кесенесінің кіре берісінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 331 млн. 929 мың теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған. Жоспар бойынша биыл шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов "Ауыл - ел бесігі" жобасына аясында ауданда атқарылар жобалармен таныстырды. Олардың қатарында аудан орталығын абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары бар.
Сапары барысында Өмірзақ Естайұлы жаңадан салынып жатқан "Сапар" іскерлік орталығына барып, ондағы құрылыс жұмыстарына қанықты. Жобаны іске асыру үшін Республикалық бюджеттен 798 млн. 844 мың теңге қаржы бағытталып отыр. Бұл нысанның да құрылысы өткен жылы қараша айында басталған. Жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Одан бөлек, облыс басшысы "Отырар-Сүт-Ет" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды. Сүт және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме 2015 жылы құрылған. Кооператив тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Жобаның инвестициялық құны 120 млн. теңгені құрайды. Мұнда жалпы саны 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өңір басшысы ауданға жасаған сапарын Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысумен аяқтады. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан үйлердің құрылысы 2018 жылы басталған. Жоспар бойынша пәтерлер ағымдағы жылы маусым айында ел игілігіне тапсырылатын болады.
Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында аудан басшысы Ерлан Айтахановқа елдімекендердің экономикалық-әлеуметтік әлеуетін көтеру мақсатында тиісті шараларды қабылдап, жоспар бойынша іске асыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді
Энергопоток" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк мамыр айында Ұлттық қордан 850 млн долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайтуға ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Сингапур Қазақстан экономикасына 1,4 млрд астам инвестиция салды
Біз - уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, ИТ-технологияр саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын пайдалануды жоспарлап отыр
Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатысуға дайын
Бүгінде Қазақстаннан Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан арқылы және одан әрі теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жаңа мультимодальды экспорттық бағыттарды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа бағыт KTZ Express-тің қатысуымен ұйымдастырылды. Экспорттаушы - қазақстандық Bio Synergy co, жүктерді жеткізу бойынша серіктес - пәкістандық National Logistics Cell (NLC). Қазіргі уақытта Павлодар облысында жүк тиеу басталды. Бұл - алюминий силикатты қуыс микросфера. Алматыда жүк контейнерлерге тиеліп, пәкістандық серіктес машиналарына ауыстырылады. Әрі қарай автокөлікпен Өзбекстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанның Карачи портына дейін жеткізіледі. Ол жерден екі контейнер теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жөнелтіледі", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.05.2024, 12:14Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады 02.05.2024, 15:15 83041Президентке биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді02.05.2024, 15:24 82556Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады02.05.2024, 15:49 81901Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 80961"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
24.04.2024, 18:17 156001Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154266Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151241Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 134736ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды25.04.2024, 12:37 130196Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі