05.02.2019, 17:13 8683

Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі - 453,8 млрд. теңгені құрады

Облыс бойынша бюджеттің жалпы көлемі - 562,1 млрд. теңге. Оның ішінде даму бюджеті - 80,8 млрд. теңге болса, ал, жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі - 100,9 млрд. теңге.

Түркістан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі - 453,8 млрд. теңгені құрады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

"Ал өңірдегі өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі - 236,9 млрд.теңгені құрап, өсім - 100,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 544,3 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға артқан. Атап айтқанда, мал шаруашылығында ет өндірісі - 4,8 %, сүт - 2,8 %, жұмыртқа - 8,1 пайызға артты", - деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, Түркістан облысында 288,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім көрсеткіші - 101,2 %. Бұдан өзге, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі - 139,1 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 387,8 мың шаршы метрге жетіп, 2017 жылға қарағанда 21,7 пайызға артқан. Тиісінше, бұл салада облыстың Республикадағы үлесі 3,1 пайызға жетіп, 3-орынды иеленіп отыр.

Облыс бойынша бюджеттің жалпы көлемі - 562,1 млрд. теңге. Оның ішінде даму бюджеті - 80,8 млрд. теңге болса, ал, жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі - 100,9 млрд. теңге.

Бүгінгі таңда облыстың республикалық бюджетке тәуелділігін төмендету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы бюджеттің жалпы көлемінде өзіндік кірістердің үлесі 17,1 пайызға артып, 7 млрд. теңгеге өсті. Бюджеттің шығыстар бөлігінде ағымдағы шығындар 467,7 млрд. теңгені құраса, ал даму бюджетінің шығындары 94 млрд. теңгеге жетті. Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 341,2 млрд. теңгені құрап, үлесі - 60,7 пайыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны