16.10.2006, 12:56 3073

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі газ транзитін реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз газ транзитін реттеу қажет деп санаймыз және осы мәселе бойынша қазір талқылаулар жүргізілуде. Алайда, "ҚазМұнайГаз" бен энергетика және минералды ресурстар министрлігі бөлекше пікірде. Біз бұл мәселені үкіметте бірнеше мәрте талқыладық. Алайда әзірге түпкілікті шешім шығарылған жоқ",- деп мәлімдеді Б.Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны