14.04.2017, 20:18 5843

Талдықорғанға табиғи газ сәуірде әкелінетін болды

Облысты газдандыру мәселесі өӊір басшысы Амандық Баталовтыӊ қатаӊ бақылауында. Оныӊ ішінде Талдықорған қаласына газ жеткізуге ерекше назар аударылып отыр. Осыған дейін талдықорғандықтардыӊ үйіне газ мамыр айында жеткізіледі деп жоспарланса, енді қалаға көгілдір отын одан сәл ертерек, яғни сәуір айыныӊ соӊына қарай әкелінетін болды.

Талдықорған. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Облысты газдандыру мәселесі өӊір басшысы Амандық Баталовтыӊ қатаӊ бақылауында. Оныӊ ішінде Талдықорған қаласына газ жеткізуге ерекше назар аударылып отыр. Осыған дейін талдықорғандықтардыӊ үйіне газ мамыр айында жеткізіледі деп жоспарланса, енді қалаға көгілдір отын одан сәл ертерек, яғни сәуір айыныӊ соӊына қарай әкелінетін болды.

Осы және өзге де мәселелер облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ, "Жетісу ОблГаз", "Интергаз Центральная Азия" АҚ, "МБК Құрылыс" сияқты компаниялардыӊ және басқа да тиісті басқармалар мен қызметтер өкілдерініӊ қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Қаланы газдандыру жұмыстарыныӊ барысы туралы облыс әкімініӊ орынбасары Айдарбек Байжанов хабарлады.

Оныӊ айтуынша, Талдықорғандағы құны 23,4 млрд. теӊге болатын газ тарту жүйелерініӊ құрылысы 2016 жылдан жүргізіле бастаған. Жоба 4 кезеӊге бөлінген, жалпы ұзындығы - 1,4 мыӊ шақырым, 170 мыӊ адамды, яғни 51 мыӊ абонентті қамтиды деп жоспарланған. Магистралды газ құбыры мен "Талдықорған" АГТС-ты іске қосу жұмысы сәуірдіӊ аяғында аяқталады. Облыстық бюджет есебінен газ тарату желісініӊ жалпы құны 4,5 млрд. теӊге болатын бірінші кезеӊініӊ құрылысы жүзеге асырылуда, бұл - 6 іске қосу кешені деген сөз. Өткен жылы 2,05 млрд. теӊге игеріліп, 1, 2, 3 іске қосу кешендері салынып, 82,2 шақырым жүйе тартылған (100 %). Көгілдір отынды алғашқылардыӊ бірі болып сәуірдіӊ соӊында Ескелді би, Балпық би, Абылай хан, Тынышпаев көшелерінде және "Қаратал" шағын ауданында тұратын 2, 3 іске қосу кешендерініӊ абоненттері тұтынатын болады.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ бас директорыныӊ орынбасары Мұқан Сәдуақасовтыӊ айтуынша, Талдықорғанда газ құбырын іске қосу мен абоненттерді техникалық шарттарын бере отырып қосумен айналысатын "Талдықорған газ шаруашылығы" құрылған. Қазіргі кезде тарифті және қосылу құнын айқындау мәселесі қарастырылуда.

Осы орайда облыс әкімініӊ орынбасары А. Байжанов халықтыӊ әлеуметтік әлжуаз топтарына газ қостыру құнын 3-6 айға бөліп төлеу жеӊілдіктері қарастырылғанын айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласын газдандыру тарихи оқиға екенін жеткізді. Сондықтан белгіленген мерзімге дейін тариф мәселесін айқындап, халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.

- Талдықорғанға көгілдір отын жеткізу - мемлекеттіӊ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан аса маӊызды шара. Сондықтан барлық жұмыс сапалы әрі дер шағында орындалуы тиіс. Оныӊ ішінде қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аудару қажет, - деп атап өтті А. Баталов.

Сонымен қатар мердігер мекемелердіӊ газдандыруға қатысты тиісті жұмыстарын атқарып болғанына қарай халыққа қолайсыздық туғызбау үшін жол жиектерін де бірден қалыпқа келтіріп отыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны