16.05.2019, 16:23 8230

Талдықорғанда тұңғыш рет "7-20-25" жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті

Бұл осымен өткізілмек жетінші жәрмеңке. Осының алдында "7-20-25" жәрмеңкелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар мен Қарағанды қалаларында өткен болатын.

Талдықорған. 16 мамыр. Kazakhstan Today - 15 мамырда Талдықорған қаласында Алматы облысының жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті, онда "7-20-25" бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 16 тұрғын үй кешені қойылды, деп хабарлайды "Баспана" ипотекалық ұйымы.

Жәрмеңке "Атамекен" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Алматы облысының құрылысшылары 16 тұрғын үй кешенінің пәтерлерін ұсынды. Жәрмеңкеге 15 құрылыс компаниясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Баспана" ипотекалық ұйымының және "7-20-25" бағдарламасымен несие беретін 8 банк филиалдарының өкілдері қатысты.

"Алматы облысы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтіп отырған бесінші өңір.Мұндай тұрғын үй сатушылары мен сатып алушыларын, сондай-ақ оларға несие беретін банктерді бір алаңға жинау форматы өзінің тиімділігін дәлелдеді. 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу келісім-шарттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті. Сонымен бірге "7-20-25" бағдарламасын іске асыру тұрғын үй құрылысына даоң серпін әкелгенін байқадық", - деді "Баспана" ипотекалық ұйымы басшысының орынбасары Дархан Байқуатов.

Бұл осымен өткізілмек жетінші жәрмеңке. Осының алдында "7-20-25" жәрмеңкелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар мен Қарағанды қалаларында өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны