31.01.2024, 15:50 52151

Тауар биржаларында жасалған мәмілелерді бақылау мемлекетке қайтарылады

Тауар биржаларында жасалған мәмілелерді бақылау мемлекетке қайтарылады
Сурет: Depositphotos
Тауар биржаларында жасалған мәмілелерді бақылау мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Мәжіліс жалпы отырыста трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

2019 жылдан бастап тауар биржаларында мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеуге бақылау жүргізілмеген. Нәтижесінде нарықтағы бағадан төмен бағамен экспорттық мәмілелер жасау (сатып алушымен сөз байласу) арқылы капиталды елден шығару қаупі туындайды.

2019 жылы Қазақстандағы тауар биржалары арқылы өткізілген сұйытылған газ және астық бойынша импортталатын мемлекеттегі (Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан) нарықтық бағадан 10-25 пайызға төмендетілгені анықталды. Бұл тексеру тек 2019 жылы жүргізілген.

Заң қабылданғаннан кейін егер мемлекет сатып алушының тауарды жеткізуге байланысты барлық шығынын ескере отырып, сәйкессіздікті анықтаса, сатушы компанияға қатысты сатудан түскен кіріске түзету енгізіледі. Бұл қосымша салық төлемдеріне әкеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны