08.10.2025, 11:46 57446

Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті, деп хабарлайды aaq.kz.

Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспарын жариялады.

Сонымен қатар, Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның "ашықаспан" режимінде "әуееркіндігінің" 5-ші дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.

ҚР Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өтті.

Анықтама:

Thai Air Asia X - Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Австралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстерді орындайтын Тайланд әуе компаниясы. Әуе компаниясының паркі тоғыз Airbus A330 ұшағынан тұрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны