20.12.2013, 20:42 6160

ҚР Президенті автокөлік өндіру зауытын ашты

"Қазақстанда бұрын-соңды автокөлік шығарылып па еді? Жоқ, шығарылған емес. Енді біз Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында елімізге арнап жүздеген көліктерді шығаратын боламыз. Бұл автокөліктердің Қазақстан ішінде үлкен сұранысқа ие болатынына сенім білдіре отырып, қазақстандықтары отандық өнімді сатып алуға шақырамын. Бұл біздің бұрындары сатып алған шетелдік көліктерден әлдеқайда арзан", - деді кәсіпкерлік директоры А.Сидоренко.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 20 желтоқсанда Жалпыхалықтық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "СарыарқаАвтоПром" кәсіпкерлігінің SsangYong Nomad автомобилін өндіретін зауытты ашты.

"Қазақстанда бұрын-соңды автокөлік шығарылып па еді? Жоқ, шығарылған емес. Енді біз Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында елімізге арнап жүздеген көліктерді шығаратын боламыз. Бұл автокөліктердің Қазақстан ішінде үлкен сұранысқа ие болатынына сенім білдіре отырып, қазақстандықтары отандық өнімді сатып алуға шақырамын. Бұл біздің бұрындары сатып алған шетелдік көліктерден әлдеқайда арзан", - деді кәсіпкерлік директоры А.Сидоренко.

Айта кету керек, қазақстандық автомобиль өндірісіне аталмыш кәсіпкерлік жаңа тыныс берді. Мұнда дәнекерлеу, сырлау және автокөлік бөліктерін жинау жұмыстары да жасалады. Бар мүмкіндігімен жұмыс істейтін болса, кәсіпкерлік жылына 25 мыңға дейін өнім шығара алады.

Өндірушілердің жоспарынша, көліктер КО елдері мен жақын шет елдерге де тасымалданбақ.

Жобаның жалпы құны 14,9 млрд теңгені құрайды. Осының 9,2 млрд теңгесін үлескер компаниялар "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "БРК-Лизинг" АҚ "Өндіріс-2020" бағдарламасы бойынша бөлген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны