16.09.2011, 15:02 3764

Темір жол жүйесі бойында 4 мың шақырымдық жаңа талшықты-оптикалық желі іске қосылды

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Темір жол жүйесі бойында 4 мың шақырымдық жаңа талшықты-оптикалық желі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлаған.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған желінің іске қосылуы шарасына ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның президенті Асқар Мамин қатысты. Бұл желі транзиттік және республика аумағындағы темір жол тасымалын сенімді ақпаратпен қамтуға негізделген.

"Біз байлыныстың магистральдік желісін тартып, жоғары жылдамдықты мәлімет таратуды еліміздің көптеген өңірлеріне жеткізіп отырмыз. Енді барша темір жол бойында осы желіні тарту біздің негізгі мақсатымыз болып отыр. Атап айтқанда,тағы да 7 мың шақырымға жуық желіні іске қосу керек", - деді "Транстелеком" АҚ-ның президенті Мірболат Аюпов.

Оның пайымдауынша, бұл бағыттағы жұмыстар жақын арада шешілетін болады. "Осы арқылы еліміздің барлық өңірлері осындай желімен қамтылады. Бұл тұрғыда жоғары жылдамдықты Интернетті темір жол саласы мен жол бойындағы елді мекендер пайдалана алады",-деді компания басшысы.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, талшықты-оптикалық байланыс желісі республика темір жолының Астана-Павлодар-Семей-Ақтоғай, Шу-Арыс-Қызылорда-Қандыағаш, Көкшетау-Жаңаесіл-Қостанай өңірлері арқылы стратегиялық желілерді басып өтеді. Барлығы 4 мың шақырымды құрайды. Байланыс желісінің құрылысын ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны - "Транстелеком" компаниясы былтырғы жылдың бірінші жартысынан бастаған, бұл жұмыстар биыл тамызда аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны