04.09.2018, 15:28 4557

Темір жолда көмір тасымалына мөлшерлеме көтерілмейді - "ҚТЖ" ҰК" АҚ

2018 жылдыӊ соӊына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соныӊ ішінде тұтынушылар үшін - 71,9 млн тонна, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ басынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ желілері бойынша 65 млн тоннадан астам көмір тиелген.

Бұл ретте: республикаішілік қатынаста 45,1 млн тоннадан астамы тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,4%-ға артық, тұтынушылардыӊ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне - 5,5 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылдыӊ көрсеткішінен 12%-ға көп болды.

2018 жылдыӊ соӊына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соныӊ ішінде тұтынушылар үшін - 71,9 млн тонна, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-дааталып отырған жүк көлемін тасымалдауға жылжымалы құрам саны қажетті деӊгейде жеткілікті. Ир түрлі жеке меншік иелерінен 54 мыӊға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыӊға жуық ашық вагон қолданылуда.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамасымен көмір тасымалы көлемін жыл бойына біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеӊдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердіӊ қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соныӊ нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалыныӊ көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін тасымал көлемін орындау бойынша талап-тілек хаттамасы толтырылды, бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.

Компанияда көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, жүк жөнелтушілер өтінімін қанағаттандыру, сонымен қатар вагондар айналымын орындау бойынша тәуліктік бақылау қойылды. ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қоры қалдықтарына, сондай-ақ халықта көмірдіӊ бар-жоқтығына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны