17.12.2018, 15:33 6047

Темір жолдарда жүк ұрлығыныӊ алды алынады

Жеке филиалдар басшылары тасымалданатын жүктерді қызметкерлердіӊ қолды етуініӊ алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы баяндап берді. Мәселен, тасымалданатын жүктер сақталымына және рұқсат етілмеген қол салудыӊ алдын алу мақсатында кенеттен түнгі тексерістер өткізіліп, станцияларда бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Темір жол бөлімшелерініӊ басшылары, әскериленген теміржол күзеті, ІІМ көліктегі жол полициясы, Бас көліктік прокуратурасы, ИДМ Көлік комитеті өкілдерініӊ қатысуымен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ кеӊейтілген селекторлық отырысында тасымалданатын жүктердіӊ сақталуы мәселелеріне ден қойылды.

Селекторлық кеӊес қатысушылары теміржол көлігіндегі ұрлық жағдайларыныӊ алдын алу жөніндегі шараларды талқылады.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директоры Қайрат Сауырбаев мәлімдегендей, Достық станциясы, Достық - Саяқ, Достық - Матай учаскелеріндегі станциялар паркіне өткізу режимі күшейтілген.

Контейнерлік пойыздардыӊ жүру жолдарында күзет қызметі үшін жағдайлар жасалуда. "ИТЖО" АҚ Қарағанды филиалыныӊ қызметкерлері үшін вахталық тәсілмен жұмыс істеу ұйымдастырылды.

Қ.Сауырбаев жүктердіӊ тасымалы кезінде олардыӊ сақталмауы туындамауы үшін алдын алу іс-шараларын күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Жеке филиалдар басшылары тасымалданатын жүктерді қызметкерлердіӊ қолды етуініӊ алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы баяндап берді. Мәселен, тасымалданатын жүктер сақталымына және рұқсат етілмеген қол салудыӊ алдын алу мақсатында кенеттен түнгі тексерістер өткізіліп, станцияларда бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

"ИТЖО" АҚ департамент директоры Серікжан Атыманов 2018 жылдыӊ 11 айында ұрлық фактілері төмендеп, 2017 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 23% болғандығын алға тартты.

Қытайдан шығып Еуропа бағытына жөнелтілетін транзитті контейнерлік тасымал құрамы Достық - Ақтоғай - Саяқ, Достық - Ақтоғай - Матай учаскелерінде қатаӊ бақылауға алынған.

"Біз инфрақұрылымныӊ стратегиялық маӊызды нысандарын және теміржол жүктерін күзету саласында заманауи цифрлық технологияларды енгізу үшін ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де жағдайларын жасаудамыз. Кадрларды таӊдау мен келісу, персоналды кәсіби даярлау сапалы жүргізілуде", - деді С.Атыманов.

Селекторлық кеӊес қорытындысы бойынша кейбір бағыттарға номенклатуралық жүктерді, соныӊ ішінде халықаралық контейнерлік пойыздарды сүйемелдеп жүру үшін "ИТЖО" ғана емес, өзге де күзет ұйымдарын тарту жөнінде ұсыныстар айтылып қалып жатты.

Сондай-ақ кеӊес қатысушылары теміржол көлігіндегі ұрлықтыӊ алдын алу бойынша міндетті түрде қозғалған істерді объективті қарайтын және тиісінше шешім шығаратын соттарға жеткізу және құқық қорғау органдарыныӊ жұмысын күшейту ұсыныстарын жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны