28.02.2013, 16:42 6294

Темірбанк қолма-қол ақша алу үшін комиссияны арзандатады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Темiрбанк" АҚ 2013 жылғы 18 наурызда "Альянс Банк" және "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ банкоматтары мен кассаларынан төлем карталарын қолдану арқылы қолма-қол ақша алу үшін комиссияны "TemirCard", "TemirCard Light" және "TemirCard өнімінің аясындағы жалақы жобасы" пакеттері бойынша 0,7 %-дан (ең азы 150 теңге) 0,3 %-ға дейін (ең азы 50 теңге) арзандататынын хабарлады, делінген банктің сайтында.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Темірбанк қолма-қол ақша алу үшін комиссияны арзандатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Темiрбанк" АҚ 2013 жылғы 18 наурызда "Альянс Банк" және "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ банкоматтары мен кассаларынан төлем карталарын қолдану арқылы қолма-қол ақша алу үшін комиссияны "TemirCard", "TemirCard Light" және "TemirCard өнімінің аясындағы жалақы жобасы" пакеттері бойынша 0,7 %-дан (ең азы 150 теңге) 0,3 %-ға дейін (ең азы 50 теңге) арзандататынын хабарлады, делінген банктің сайтында.

Осылай, "Темiрбанк" АҚ төлем карталарының иелері "Альянс Банк" және "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ банкоматтарынан қолма-қол ақшаны Банктің бірыңғай тариф ставкалары бойынша ала алады. Қазіргі таңда "Темiрбанк" АҚ-ты қоса алғанда аталған банктердің банкоматтарының саны 3000-ға жетеді.

Ал аталған банктердің кассаларында операциялық қызмет үшін қосымша комиссия алынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны