19.01.2009, 14:09 1550

Теңгенің құнсыздануы ұзақ уақыт бойы 10%-дан аспайды - Сұлтанов

Теңгенің құнсыздануы ұзақ уақыт бойы 10%-дан аспайды - Сұлтанов

Астана. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономика министрлігіндегілердің пайымдауынша, теңгенің құнсыздануы ұзақ уақыт бойы 10%-дан аспайды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біраз уақыт бойына теңгенің құнсыздануы 10 пайыздық шектен аспайды деп санаймыз. Бюджетте теңгенің бағамы бір доллар үшін 123,5 теңге деңгейінде межеленген. Бағам 130 теңгеден асады деп айту "ерте". Қазір біз осының бәрін есептейтін боламыз.Бюджетті кезекті мәрте түзеткен кезде біз осы позицияларды көрсететін боламыз ", - деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны