13.09.2010, 15:44 3463

Теңізшевройл экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Теңізшевройл экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Атырау. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - "Теңізшевройл" ЖШС экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Атырау облысының прокуратура басқармасының аға прокуроры Мақсат Ермековқа сілтеме жасай отырып.

"Атырау облысының прокуратурасы жүргізген тексеру төленбеген айыппұлдардың негізгі бөлігін "Теңізшевройл" ЖШС салынған айыппұл құрайтындығын көрсеткен",- деп хабарлады.

"Теңізшевройл" ЖШС қоршаған ортаға 1 млрд теңгеден астам сомада зиян келтірген. "Осыған байланысты "Теңізшевройл" ЖШС үстіміздегі жылдың 31-мамырында әкімшілік жауапқа тартылып, оған 1 087 955 495 тенге көлемінде айыппұл салынған болатын",- деп атап өтті прокурор.

М. Ермековтың хабарлауынша, бұл айыппұлды кәсіпорын біраз уақыттан бері төлемей келген. "Тек прокурордың араласуынан кейін ғана кәсіпорын 25-тамызда 1 087 955 495 тенге көлеміндегі айыппұлды түгелдей төлеген. Қазіргі уақытта көрсетілген сома мемлекет қазынасына түгелдей түсті",- деп атап көрсетті М. Ермеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны