15.06.2017, 14:20 3952

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП басшысы ретінде қайта сайланды

"Атамекен" Съезініӊ делагаттары Тимур Құлыбаевты алдағы 4 жылға қайта сайлады.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - "Атамекен" Съезініӊ делагаттары Тимур Құлыбаевты алдағы 4 жылға қайта сайлады.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезініӊ делегаттары бірауыздан Төралқа Төрағасы лауазымына Тимур Құлыбаевты қайта сайлады.

Кездесу барысында Тимур Құлыбаевтыӊ басшылығымен жүргізілген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысыныӊ тұрақтылығы мен кәсібилігі атап өтілді. Негізгі даму бағыттары бойынша жоспарланған мақсат-міндеттер жүзеге асырылып, нәтижелі жемісін көрсетті. "Атамекен" отандық кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға кедергі келтіретін мәселелер мен өзекті түйткілдерді талқылау мен шешуде бизнес пен билік арасындағы тиімді әрі салмақты байланыс алаӊы ретінде қалыптасты.

Өз кезегінде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басшысы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдеріне алғыс білдіріп, өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны