16.04.2008, 17:46 3559

ТМД статистикалық комитетінің мәліметінше, ең жас қала - Душанбе болса, ең жоғары кіріс Алматы және Астана қалаларының тұрғындарына тиесілі

ТМД статистикалық комитетінің мәліметінше, ең жас қала - Душанбе болса, ең жоғары кіріс Алматы және Астана қалаларының тұрғындарына тиесілі

Душанбе. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ТМД статистикалық комитетінің мәліметінше, ең жас қала - Душанбе болса, ең жоғары кіріс Алматы және Астана қалаларының тұрғындарына тиесілі болып шыққан, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі
"Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"ХХІ ғасыр Мегаполисі" халықаралық форумы аясында өткізілетін "ТМД аясындағы таңдаулы қала" арнаулы байқауы үшін ТМД статистикалық комитеті ТМД-ға қатысушы елдердің астаналары мен ең ірі қалалары бойынша статистикалық зерттеу дайындады. ТМД аясындағы 103 қалаға, соның ішінде Ресейдің 83, ТМД-ға қатысушы елдердің 20 қаласына қатысты мәліметтер өңделген.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, Изербайжан, Грузия мен Қазақстан халқының тең жартысынан астамы, Армения халқының 64%, Украина халқының 68% және Беларусь пен Ресей тұрғындарының 70%-дан астамы қалалар мен қала үлгісіндегі кенттерде тұрды. Ал Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанда ауыл тұрғындары басым.

ТМД аясындағы ең жас қала ретінде Душанбе аталды, қала тұрғындарының үштен бір бөлігінен астамы балалар мен жасөспірімдер. Алматы, Астана, Бішкек, Ереван, Қарағанды, Нарьян-Мар, Элиста мен Якутск қаласында әрбір бесінші тұрғын жастар.

Халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің ең көп тұратын жері Астана мен Кишинев - 73%. Астанада ең жоғары миграциялық өсім байқалған. Бұл қалада тұрғылықты тұруға келген әрбір мың адамға одан көшіп кететін 31 адамнан келеді.

ТМД елдерінің астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясына қатысушы қалаларда жұмыссыздық деңгейі 1 - 3% аралығында ең төмен болып табылады. Орташа номинал жалақының ең жоғары көлемі Нарьян-Марда тіркелген - 29 мың рубль, Мәскеуде ол 18 мың рубльді құрайды. ТМД елдерінің арасынан тұрғындарының жалақысы бойынша жетекші үштікке Астана, Алматы мен Минск кірді.

Орта есеппен қаланың бір тұрғынына тиесілі жалпы тұрғын үй аумағы ТМД елдерінің басым бөлігінде 19 - 22 шаршы метрді құрайды. Мәскеуде бұл көрсеткіш 19,7 шаршы метрді құрайды. Алайда Душанбеде бұл көрсеткіш небәрі 11,2 болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны