04.02.2014, 19:54 3283

Төртінші МӨЗ құрылысының географиялық орны Үкіметте талқыланғаннан кейін белгілі болады - Ұ.Қарабалин

Шын мәнісінде біз бүгінде тек қана 14 млн тонна мұнай өңдейміз. Төртінші МӨЗ құрылысының географиялық орналасуы әзірге белгісіз, ол Үкіметте талқыланғанынан кейін белгілі болады. Және біз оны белгіленген уақытта аяқтауымыз керек", - деді Ұ.Қарабалин.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Төртінші МӨЗ құрылысының географиялық орналасуы Үкіметте талқыланғаннан кейін белгілі болады, деп мәлімдеді ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін.

"Маңыздысы, біз өз саламыз бойынша ғана дамуға қол жеткізіп қоймай, өндірісіміздің айналасындағы өзге де кластерлік даму мен құруға жағдай жасауымыз керек. Төртінші МӨЗ құрылысы жоспарланып отыр. Шын мәнісінде біз бүгінде тек қана 14 млн тонна мұнай өңдейміз. Төртінші МӨЗ құрылысының географиялық орналасуы әзірге белгісіз, ол Үкіметте талқыланғанынан кейін белгілі болады. Және біз оны белгіленген уақытта аяқтауымыз керек", - деді Ұ.Қарабалин.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысы ҚР Парламенті қос палатасының біріккен отырысында жыл сайынғы "Қазақстандық жол - 2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауын жолдады.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жаңа мұнай өңдеу зауытына деген қажеттіліктің бар екенін мәлімдеген болатын.

"Ел жанармай, дизель отыны, авиациялық керосинге деген тапшылықты тартуда. Бұл ақылға сыйымсыз. Біз мұнай өндіруші елміз. Жаңа мұнай өңдеу зауыты құрылысын қолға алуымыз керек", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны