Биыл автомобиль жолдары бойынша 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Республикалық жолдардың 93%-ы нормативтік-техникалық жағдайға сай. Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарланып отыр. Автожолдардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы - цифрлық шешімдер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық төлқұжаттары қалыптастырылады. Бұл болашақта пилотсыз автокөліктерді енгізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.
Бас прокуратурамен жүргізілген интеграция нәтижесінде осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы 10 мыңнан астам нұсқама ресімделді. Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылады. Былтыр Қытай және Өзбекстанмен шетелдік рұқсат бланкілері қағаз түрінен электрондық форматқа ауыстырылды", - деді министр.
Digital Trade Coridor сияқты саланы цифрландыру бастамалары транзиттік жүк ағынын арттыруға бағытталған. Электрондық декларациялау және бірыңғай терезе арқылы қызмет көрсету кедергілерді жоюға және халықаралық тасымалдаушылардың сенімін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта теміржол саласында 250-ден астам ақпараттық жүйе бар. Саладағы маңызды аспект - цифрлық трансформацияны жүргізу және халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы мақсаттағы IT-архитектураны қалыптастыру", - деді ол.
Салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттырмақ. Автокөлікпен өткізу пункттерінің өткізу мерзімі шамамен 10 минутты құрайды. Жасанды интеллект технологиясын енгізу пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есе азайтып, әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады. Белгіленген бағыттар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау көлеміне оң әсерін береді", - деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

