02.08.2006, 14:28 3231

Тұңғыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация биыл Қарағанды облысында құрылады - әкім

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. "Сарыарқа" деп алатын тұңғыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация биыл Қарағанды облысында құрылады. Бұл туралы бүгін әкімшілік реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осынау пилотты жобаны жүзеге асыруға бюджетте 300 млн. теңге қарастырылатын болады. "Сарыарқа" деп алатын тұңғыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Қарағанды облысында 2006-жылы жұмыс істей бастайды деп ойлаймыз",- деді әкім. "Қарағанды облысында "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын құруға қажетті барлық құқықтық құжаттар қазір дайын", деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында республика үкімет басшысының орынбасары Кәрім Мәсімов.

Қарағанды облысының әкімі еліміздің бірқатар аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру туралы идеяның Қазақстан халқына арналған Елбасының 1-наурыздағы жолдауында жария етілгенін еске салды. "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақта өндірілетін тауарлар мен қызмет түрлерінің бәсекелестік қабілетін көтеруге, сондай-ақ, кластерлік даму тетіктерін енгізуге, әрбір өңірдің ішкі ресурстарын өз күшімен ұйымдастырып әжетке жаратуға септігін тигізеді деп күтілуде",- деді Н.Нығматуллин.

Оның айтуынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сондай-ақ "бүгінгі таңда ликвидті емес деп танылып отырған коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды тарту" мәселесін де шешеді. "Осындай активтерге қатысты шешімді облыс басшылығы емес, директорлар кеңесі, не, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның басқармасы немесе атқарушы дирекциясы қабылдайды. Қандайбір кәсіпорынды инвестициялық жобаға қамту мәселесін дәл осы тектес коллегиялық органдар шешеді",- деді аймақ басшысы. Осыған байланысты оның айтуынша, қандайбір жобаға жеке инвестиция тартылған жағдайда директорлар кеңесіне "жеке инвестордың өкілі де қамтылатын болады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны