08.01.2013, 13:04 2913

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2012 жылы 90 мыңға жуық келісім шарт жасады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен салымшылар арасында 745,2 млрд теңгеге 372 857 мың келісім жасалған.

Алматы. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өткен жылы 90 мыңдай азаматпен келісімшарт жасаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен салымшылар арасында 745,2 млрд теңгеге 372 857 мың келісім жасалған.

Өткен жылы 219,2 млрд теңгеге 88 912 келісімге қол қойылыпты.

Банк таратқан хабарламаға қарағанда, банк салымшыларының жинақтары 129,85 млрд теңгені құрайды.

ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ теңгемен салынған ұзақ мерзімді салымдар үлесі бойынша екінші деңгейлі банктер арасында үшінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш қазір 13,7% құрап отыр. Ал жалпы халықтың салымдары бойынша тоғызыншы (3,6%) орында тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны