26.05.2009, 15:07 2925

Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламада апаттық жағдайдағы үйлерден тұрғындарды көшіру қарастырылады - Ахметов (толықтырылған)

Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламада апаттық жағдайдағы үйлерден тұрғындарды көшіру қарастырылады - Ахметов (толықтырылған)

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламада апаттық жағдайдағы үйлерден тұрғындарды көшіру қарастырылады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Апаттық жағдайдағы үйлерден тұрғындарды көшіру мәселесі Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламада қарастырылады", - деді С. Ахметов.

"Біз кешенді жоспарда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу мәселесін қарастырдық. Біз бұл мәселені, тұрғын үй қорын төлқұжаттандыруды бірінші кезекке қойып отырмыз, оған қаржы бөлінуде. Бұл - аса маңызды мәселе, біз қанша шаршы метр аумақтың апаттық жағдайда екенін білуге тиіспіз", - деді ол.

Сонымен бірге үкімет басшысының орынбасары тұрғын үйлерді ұстауда тұрғындардың жауапкершілігін күшейту қажет деп санайды.

Сондай-ақ, бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев бүгін министрлер кабинеті қабылдаған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңалау және дамыту тұжырымдамасы мен 2010 - 2014 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында коммуналдық төлемдерді төлемей қойған борышкерлердің жылжымайтын мүлкін тәркілеп алу тетігін пәрмендендіруді ұсынды.

"Мен осындай тетікті заңмен бекіту орынды деп санаймын. Тұрғын үйді ұстауға қаржысы жоқ және коммуналдық төлемдер бойынша қарызы барлардың тұрғын үйі мен мүлкін тәркілеп алу қажет. Тұрғын үй-коммуналдық ұйымдары сотқа шағымданғанымен, іс жүзінде тиімді шешім шығарылмайды", - деді М.Есенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны