25.09.2017, 15:43 5121

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры Алматы қаласындағы жобаға екінші кепілдік ұсынды

Құрылысты аяқтаудағы Қор кепілдігі үлескерлер салымдарыныӊ сақталуын қамтамасыз етуге және белгіленген мерзімде кепілді құрылысын аяқтауға бағытталған.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласында "Легенда" КҚТК (алты көп қабатты үйлер) бірінші кезектегі жобасыныӊ құрылысын аяқтау бойынша "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қор" АҚ ("Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы) кепілдігін беру туралы келісім шартқа қол қойылды. Кепілдік ұсыну бойынша өтінімді "Корпорация БАЗИС-А" ЖШС ұсынды.

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қор" АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Оӊаев:

"Кепілдік беру қоры бүгін құрылысты аяқтауға кепілдік ұсыну бойынша екінші шартқа қол қояды. Кепілдендіру объектісі Алматы қаласында орналасқан. Бұл өӊірдегі үлескерлердіӊ ақшасын тартумен сапалы тұрғын үй салудағы құрылыс салушылар құлшыныстарыныӊ жоғары екендігін көрсетеді. "Корпорация БАЗИС-А" ЖШС Қордыӊ екінші кепілдігін алуға келетін болсақ "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заӊдықолданысқа енгізу кезінде. Осы құрылыс компаниясы үлестік құрылыс нарығындағы жаӊа талаптарға неғұрлым дайын болды. Біздіӊ ойымызша басқа өӊірлердегі ірі компанияларда Қордыӊ серіктестері болады", - деді.

Қор кепілдігін алған жоба - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даӊғылынан солтүстікке, Манас көшесінен шығысқа қарай орналасқан "Легенда" КҚТК - 27 көп қабатты үйлер, автотұрақ, балабақшадан тұратын тұрғын үй кешені. Бірінші кезек (Қор кепілдігін алған) алты 14-15-16 қабатты үйден тұрады. Жобасы бойынша уәкілетті компания: "KAT Construction" ЖШС. Мердігерлік шартқа сәйкес объектіні пайдалануға беру күні - 2019 жылғы қаӊтар айы.

Астана қаласында 2017 жылғы мамыр айында Қордыӊ бірінші кепілдігін алған үлестік құрылыс жобасы бойынша "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшыларынан өтініштер қабылдауды бастады. Үлескерлерге "Millenium Park-2" (14-блок, 2-таӊба) тұрғын үй кешенінен 100 пәтер ұсынылды. Өтініштерді қабылдау кезіндегі алғашқы үш аптаныӊ қорытындысы бойынша үлестік құрылысқа ниет білдірген қатысушылардыӊ саны қазірдіӊ өзінде 500-ге жуық адамды құрады.

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қор" АҚ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заӊ" аясында (2016 жылғы 10 қазанда күшіне енген) жұмыс істейді. Құрылысты аяқтаудағы Қор кепілдігі үлескерлер салымдарыныӊ сақталуын қамтамасыз етуге және белгіленген мерзімде кепілді құрылысын аяқтауға бағытталған. Құрылыс салушы үшін бұл үлескерлер мен инвесторлар тарапынан сенімді арттыру, үлескерлердіӊ қаражатына тікелей қол жеткізу есебінен қаржыландыру құнын төмендету. Қор кепілдігін ұсыну туралы шарттыӊ әрекет ету мерзімінде құрылыстыӊ барлық кезеӊдерінде оны бақылауды, сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйдіӊ сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тәуелсіз инжинирингтік компания тарапынан үлескерлер қаражатын нысаналы пайдалануды қарастырады,- деп хабарлайды "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны