05.10.2012, 14:59 3382

Тұрғындардың өмірін жақсарту бағдарламасына қатысты үш жылдық бюджетке 288 млр деңгеге жуық қаржы бөлінген

Бүгін "Нұр Отан" фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында елдегі тұрғын үй құрылысы жаңа серпінге ие болатынын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today -"Қолжетімді баспана-2020", ТКШ жаңғырту және "Ақ бұлақ" бағдарламаларына 287,7 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Нұр Отан" фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында елдегі тұрғын үй құрылысы жаңа серпінге ие болатынын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында елдегі тұрғын үй бағдарламасы жаңа бағытқа ие болады. Сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мен "Ақ бұлақ" бағдарламалары да жалғасын табады", - деген С.Ахметов осы бағдарламалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті.

"ТКШ саласын жаңғырту бағдарламасының аясында 2012 жылдың соңына қарай жалпы ұзындығы бір мың шақырымға жуықтайтын коммуналдық желілерді жаңғырту көзделген. Ал "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша 2012 жылдың соңына дейін қала халқының 84 пайызын, ауыл халқының 43 пайызын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу көзделіп отыр", - деп мәлімдеді С.Ахметов.

Оның айтуынша, бұл ретте аймақ әкімдеріне де көп күш жұмсауға тура келеді.

"Енді жоспарды орындау әкімдіктерге тәуелді. Жалпы, осы үш бағдарламаның жүзеге асырылуына 2013 жылдың республикалық бюджетінен 287,7 млрд. теңге қаржы бөлу көзделіп отыр", - деп толықтырды Премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны