06.05.2013, 14:27 8047

"Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбыры Ғасыр жобасы атанды

Қазақстан аумағында газ құбыры екі учаскеден (кезектен) тұрады: біріншісінің өткізу қуаты жылына 40 млрд. текше метр газ - Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан - қазақстан-қытай шекарасына дейін; екіншісінің өткізу қуаты жылына 10 млрд. текше метр - Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" бағыты бойынша.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбыры Ғасыр жобасы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Түрікменстанның білім министрі Гүлшат Мамедова мәлім етті.

"Түрікменстан мен Қазақстан ұзақмерзімді әріптестер ретінде көптеген бағыттарда өзара қарым-қатынастарын дамытуда. Қазіргі кезде бірқатар бірлескен жобалар, мәселен, Ғасыр жобасы атанған "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбырының құрылысы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жобаның екі елдің ғана емес, аймақтағы басқа да елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы зор", деді Г.Мамедова Астанада Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің "Түрікменстанның дәрілік өсімдіктері" кітабының таныстырылымында.

Еске сала кетейік, "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбырының жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жуықтайды. Оның ішінде Түрікменстан аумағы бойынша 188 шақырымы, Өзбекстанда - 525 шақырымы, Қазақстанда - 1293 шақырымы, Қытайда 4860 шақырымы төселген. Қытайда газ құбыры Гуанчжоу қаласына дейін жеткізіледі, одан әрі қолданыстағы газ тармақтары бойынша бөлінеді.

Газ құбыры Түрікменстаннан ҚХР-ға табиғи газ транзитімен қатар қазақстандық газды елдің батыс кеніштерінен республикамыздың оңтүстік аймақтарына жеткізеді.

Қазақстан аумағында газ құбыры екі учаскеден (кезектен) тұрады: біріншісінің өткізу қуаты жылына 40 млрд. текше метр газ - Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан - қазақстан-қытай шекарасына дейін; екіншісінің өткізу қуаты жылына 10 млрд. текше метр - Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" бағыты бойынша.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны