26.05.2010, 15:19 3584

Түркия президенті түркиялық құрылыс компаниялары Қазақстандағы жобаларын одан әрі жалғастырып жатыр дегенге сенім білдірді

Түркия президенті түркиялық құрылыс компаниялары Қазақстандағы жобаларын одан әрі жалғастырып жатыр дегенге сенім білдірді

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Түркия президенті түркиялық құрылыс компаниялары Қазақстандағы жобаларын одан әрі жалғастырып жатыр дегенге сенім білдірді. Бұл туралы бүгін Түркия Республикасының президенті Абдолла Гүл Қазақстан парламентінің депутаттары алдында сөз сөйлеген кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Илемдегі ең ірі мердігерлердің қатарында екінші орынды иемденетін Түркияның құрылыс-мердігерлік секторы бұдан былай да Қазақстанда маңызды жобаларды жүзеге асырады және осынау таңғажайып елдің құрылыс және қала көріктендіру саласына сүбелі үлесін қосады деп сенемін", - деді А. Гүл.

Оның айтуынша, "екі елдің арасындағы экономикалық және сауда-саттық саласындағы қарым-қатынастарды дамытуда құрылыс-мердігерлік секторы басты қозғалтқыш күш ролін атқарады".

"Астананың құрылысына түрік фирмалары мен жұмыс күшінің атсалысуы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың ең тамаша дәлелдерінің бірі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны