16.04.2010, 11:57 1742

Түркия тоналған түрік кәсіпорындары үшін Қырғызстаннан өтемақы талап ететін болады

Түркия тоналған түрік кәсіпорындары үшін Қырғызстаннан өтемақы талап ететін болады

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде 50 түрік кәсіпорны тонауға ұшырып, қиратылған, соған байланысты Түркия тоналған түрік кәсіпорындары үшін Қырғызстаннан өтемақы талап етпек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today Todays Zaman түрік басылымына сілтеме жасап.

Кеше Қазақстанға ресми сапары барысында журналистер сауалына жауап берген Түркияның сыртқы сауда министрі Зафер Чаглаян мәлімдегендей, Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде 50 түрік кәсіпорны тонауға ұшырып, ауқымды бүліншілікке тап болған. Осы орайда ол түрік үкіметі Қырғызстан басшылығынан өтемақы талап ететін болады деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, нақты шығын көлемі әзірге анықталған жоқ, алайда, түрік фирмалары полицияға шағым түсіре бастады. "Біз барлық арыз-шағымдар беріліп біткеннен кейін Қырғыз басшылығымен келіссөздер жүргізіп, олардан таяуда болған бүліншілік кезінде келтірілген шығынды өтеп беруді сұрайтын боламыз", - деді Зафер Чаглаян.

"Қырғызстан басшылығы өз елдерінде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетуге тиіс және ондай мүмкіндікке ие", - деді ол. Оның пікірінше, Қырғызстанның шетелдік инвесторларға деген қатынас- көзқарасы мұндай жағдайда елге келешекте тікелей шетелдік инвестициялардың келу мүмкіндігінде шешуші рөл атқарады, оған себеп шетелдік капитал "өмір мен мүліктің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін" өңірге бармайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны