17.12.2018, 14:09 4916

Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 447 млн. ақш долларын құрады

Өзбекстан Республикасы арасында тауар айналымы ағымдағы жылдыӊ 11 айында 447 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өсті. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Елдос Саудабаев мәлімдеді.

Түркістан. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 447 млн. ақш долларын құрады.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті құрамында алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқарады. Өзбекстан Республикасы арасында тауар айналымы ағымдағы жылдыӊ 11 айында 447 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өсті. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Елдос Саудабаев мәлімдеді.

2018 жылдыӊ 11 айлық қорытындысы бойынша департаменттіӊ кеден бекеттерімен 14 539 тауарларға арналған декларация ресімделген. Бұл былтырғыға қарағанда 16,2 пайызға өскендігін көрсетіп отыр.

"Департаменттіӊ кеден бекеттері арқылы 174 865 жүк автокөлік құралдары өтіп, өткен жылмен салыстырғанда 63,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, 244 310 жеӊіл автокөлік шекарадан өткен. Бұдан өзге, 17 019 264 азамат шекарадан өтіп, былтырғыға қарағанда 46,8 пайызға көбейген. Кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдарыныӊ өтуін жылдамдату мақсатында кеден бекетіне қосымша қызметкерлер мен жұмыс орындары көбейтілді. Сондай-ақ, автокөлік құралдарыныӊ өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2019 жылдыӊ ақпан айынан бастап "Б.Қонысбаев" өткізу пунктініӊ қайта құру құрылысыныӊ басталуы жоспарлануда. Бұл жобада автокөліктердіӊ кіріп-шығу жолақтары 2 ден 6 жолаққа дейін ұлғаю қарастырылған", - деді Елдос Ермағанбетұлы.

Департаменттіӊ қызмет ету аймағында Еуразиялық экономикалық одақтық кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен тұлғаларға қатысты 514 әкімшілік іс қозғалған. Одан басқа, 33 факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оныӊ ішінде, 31 факті бойынша есірткі заттарды тасымалдауға қатысты, 1 факті медициналық препараттар бойынша және 1 факті бойынша экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істер болып отыр.

Сонымен қатар, кедендік рәсімдерді жаӊғырту мен кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандыру жүйелері жаӊартылып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны