07.09.2018, 23:24 6376

Түркістан облысында мал бордақылайтын алып алаӊдар іске қосылмақ

Қазіргі таӊда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаӊшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыӊдай ірі қара мал бордақылануда.

Түркістан. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасыныӊ өсуініӊ драйвері ауыл шаруашылығы екендігін айтып, оныӊ ішінде етті мал шаруашылығыныӊ рөліне ерекше тоқталған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысыныӊ Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде "Адал" шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаӊды ашуды жоспарлап отыр.

Жалпы мал жайларын соғу екі кезеӊде іске аспақ. Атап айтсанда, 1500 басқа арналған алаӊдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаӊдардыӊ құрылысын жүргізу межеленген. Нәтижесінде шаруа қожалық жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өӊдірілмек. Жобаныӊ жалпы құны 900 млн. теӊгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзге, аудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардыӊ өнімдеріне сұраныс арта түспек.

Қазіргі таӊда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаӊшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыӊдай ірі қара мал бордақылануда.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны