27.09.2018, 17:54 3834

Түркістан облысыныӊ тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ кезекті жәрмеӊкесін өткізді

Екі күндік шара Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне арналды. Онда жалпы құны 201,0 млн. теӊгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Түркістан. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ кезекті жәрмеӊкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне арналды. Онда жалпы құны 201,0 млн. теӊгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 80 тонна ет және ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт өнімдері, 90 тонна бақша өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп, 10 мыӊ дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 4 тонна бал, 10 тонна кептірілген жеміс, 14 тонна түрлі консервілер және 45 тонна басқа да өнімдер базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланды.

Арзандатылған бағада азық-түлік сатып алған астаналықтар жәрмеӊке ұйымдастырушылары мен оӊтүстік өӊірініӊ шаруаларына алғыстарын білдірді. Шара барысында Елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Түркістандық шаруалар Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі аясында осымен 4-ші рет жәрмеӊке өткізіп отыр. Осы аралықта Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ 28 түрін жөнелтілді. Жәрмеӊкені өткізуге түркістандық 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары атсалысқан.

Айта кетейік, биыл түркістандық шаруалар 500 мыӊ тоннаға жуық өнімді Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспорттаса, 1 млн. тонна тауар еліміздіӊ солтүстік өӊірлеріне жөнелтілді.

Облыста тамшылатып суғару әдісі жаӊадан 6 406 гектарға ендіріліп, жалпы аумағы 64,4 мыӊ гектарға жеткен. Сондай-ақ, 126,2 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1285,4 гектарға артқан.

Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвестициялардыӊ көлемі 9,1 млрд.теӊгені құрады. Осыныӊ нәтижесінде 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы шығарылымы 249 056 млн. теӊгеге жетті. Бұл өткен жылғы тиісті кезеӊімен салыстырғанда 3,6 пайызға артқанын көрсетеді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны