23.12.2017, 15:59 4961

Түрксіб ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 80 аула көгалдандырылған

Аудан басшысыныӊ сөзіне сүйенсек, Түрксіб ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы оныӊ ішіндегі "Атамекен" кіші бағдарламасын іске асыру шеӊберінде 2017 жылы жеке инвесторлар есебінен бірқатар жобалар іске асырылған

Алматы. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Түрксіб ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 80 аула көгалдандырылған.

Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түрксіб ауданыныӊ әкімі Павел Кулагин баяндады.

Аудан басшысыныӊ сөзіне сүйенсек, Түрксіб ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы оныӊ ішіндегі "Атамекен" кіші бағдарламасын іске асыру шеӊберінде 2017 жылы жеке инвесторлар есебінен бірқатар жобалар іске асырылған, оныӊ ішінде:

толық күнді қамтитын 13 шағын-орталықтыӊ ашылуы;

- 5 балалар спорт алаӊдары;

"Юный домостроитель" балалар сауықтыру орталығына 200 балаға арналған көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек және жетім балалар үшін демалыс ұйымдастырылған;

- "Мектепке жол" акциясы барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыдағы 280 балаға тегін мектепке қажетті заттармен сөмкелер таратылған;

Сонымен қатар, Жеӊіс күні мен Қарттар күніне арналған еӊбек және соғыс ардагерлеріне Алматыныӊ көрікті жерлеріне 7 экскурсия өткізілді. "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы ауданда 920 млн.тг соммасына 80 аула аумағы абаттандырылды.

2018 жылы 50 аула аумағына абаттандыруды өткізу жоспарлануда.Сондай-ақ, 2018 жылға ауданныӊ мектеп түлектерімен форум өткізу, буккросинг байланысын, автомодельдік спорты, робототехниканы, спорттық бағдарлауды, Кеӊес Одағыныӊ Батырлары, Халық Қаһарманы атындағы көше мерекесін және аға буын үшін мәдени демалысыныӊ дамуымен "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 11-ден астам жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады аудан әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны