10.07.2014, 19:43 3358

ҮИИД МБ: Шымкентте әйнек өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды

Жаңа өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 70 млн дана өнім, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Шымкентте әйнек ыдыстарды өндіретін заманауи "Еуро Кристалл" ЖШС зауыты іске қосылды. Жалпы құны 2,3 млрд. теңге тұратын жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Зауыттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев, Қазақстанда әйнектен өнім өндіретін екі кәсіпорын бар, деп атап өтті.

Шымкентте ашылып жатқан зауыт швейцариялық "Emhart" компаниясының құралдарымен жабдықталған. Тхнологиялық өндіріс толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, өндірілген тауарлардың ішінен сапасы нашарларын анықтайтын арнайы құрылғы да орнатылыпты.

Жаңа өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 70 млн дана өнім, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде кәсіпорында 150 адам жұмысқа орналасқан. Жобаны жүзеге асыру барысында "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Жалпы мемлекеттік қаржы есебінен инженерлік коммуникация инфрақұрылымы тартылып, несиенің пайыздық үстемақысы субсидияланды.

Айта кетерлік жайт, бұл өндіріс еліміздің әйнек өніміне деген сұранысының 15% қанағаттандырады. Сонымен қатар ол, "Оңтүстік" индустриалды аймағында жүзеге асырылған осымен 32-ші жоба.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны