26.07.2011, 10:37 7274

ҰИҚ 18 жобаны коммерцияландыру үшін тұжырымдама негізін қаржыландырады

Ұлттық инновациялық қорда 20 шілде күні коммерцияландыру үшін тұжырымдаманы негіздеу қызметін көрсету жобаларына жасалған байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы жарияланды.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today - Ұлттық инновациялық қор коммерцияландыру үшін тұжырымдама негіздерін қаржыландыру үшін 18 жобаны таңдап алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұлттық инновациялық қорда 20 шілде күні коммерцияландыру үшін тұжырымдаманы негіздеу қызметін көрсету жобаларына жасалған байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы жарияланды.

"Нәтижесінде химия, биотехнология, құрал құрастыру, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы әлеуеті мол 18 жоба таңдап алынды. Алматыдан 8 жоба, Шымкенттен 3 жоба, Қарағандыдан 4 жоба, Оралдан 1 жоба, Өскеменнен 2 жоба тұжырымдаманы негіздеу қызметіне ие болмақ", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны