21.05.2008, 14:31 2932

Үкімет 2008 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемін 70 млн тоннадан 67,6 млн тоннаға дейін азайтты

Үкімет 2008 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемін 70 млн тоннадан 67,6 млн тоннаға дейін азайтты

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2008 жылға жоспарланған мұнай және газ конденсатын өндіру көлемін 70 млн тоннадан 67,6 млн тоннаға дейін азайтты. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігі өткен жылы берген өз болжамдарын нақтылады", - деді Б. Сұлтанов.

"Біз былтыр 70 млн тонна деген дөңгелек санды алғанбыз. Биыл жоспарлы жөндеу жұмыстары мен 4 айдағы өндіру көлемін ескере отырып, олар 67,6 млн тоннаға дейін нақтылады", - деді министр.

Оның айтуынша, "мұнай өндірушілер өнім бағасы өсуіне байланысты оны тез өндіріп, экспортқа шығарып жіберуге құлықты". "Бірақ, тіпті экспорттық кедендік баж салығы енгізілгенінен қарамастан, халықаралық нарықта бұл аса тиімді операция", - деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны