15.10.2007, 13:13 1458

Үкімет ағымдағы жылғы бюджет пен 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасына түзетулер енгізеді

Үкімет ағымдағы жылғы бюджет пен 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасына түзетулер енгізеді.

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет ағымдағы жылғы бюджет пен 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасына түзетулер енгізеді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін селекторлық жиын барысында хабарлады.

"Мемлекет басшысы бізге бюджет шеңберінде 4 млрд АҚШ доллары көлемінде қосымша қаржы табуды тапсырды. Бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді , ал ертең үкіметте осы қаржының бір бөлігін осы жылы қарастыра алуымыз үшін 2007-жылға арналған бюджетті нақтылау жөнінде үкіметтің отырысы өтеді", -деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр бұған қоса үкіметтің парламентке "аталған бюджетті тез арада қарау" жөнінде өтініш жасағанын жеткізді.

Үкімет басшысының айтуынша, ағымдағы жылғы бюджеттегі қосымша қаржы бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмей қалған қаржының есебінен табылмақ.

"Өзіміз қаржыны игермедіңдер деп айыптаған кейбір бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өзіміз көмектесетін болдық, қазір біз сіздерден бұл ақшаны қайтарып аламыз, сөйтіп бүгіннен бастап сіздердің оны атқару үшін бастарыңыз ауырмайтын болады... бұл қаржы дұрыс бағытқа бағытталады", - деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, үкімет басшысы Экономика және бюджеті жоспарлау министрлігіне "мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған мақсаттар үшін жетіспей отырған қаржыны табу үшін 2008 жылға арналған бюджет жобасын шамалы түзету" жөнінде тапсырма бергенін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны