10.08.2006, 18:00 3188

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында астық өңдейтін "Биохим" Компаниясы" АҚ өндірістік кешенін аралады

ПЕТРОПАВЛОВСК. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында астық өңдейтін "Биохим" Компаниясы" АҚ өндірістік кешенін аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биохим" Компаниясы" АҚ өндірістік кешені -Қазақстанда баламасы жоқ кешен. Жобаның мақсаты - астық өңдеуге бағытталған технологиялық процестерді тереңдете түсу. Жоба аясында астықты этанолға дейін өңдеу көзделген.

Кешенді аралап көрген үкімет басшысы оны "Қазақстандағы тұңғыш нақты кластер" деп атады. "Еліміздің, тіпті меніңше, бүкіл ТМД тарихында алғаш рет бидайдан мейлінше жоғары деңгейді өнім - этанол шығаруға ден қойдық",- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, өзіндік құн арасындағы айырмашылық 5-6 есеге тең.

"Мен дәл осындай жағдайды көріп көзайым болғым келген еді. Мұндай ондаған жобалар іске асырылады. Тіпті қорықпай-ақ айтайын, ондай жобалар жүздеп саналатын болады. Соның нәтижесінде мемлекетіміздің экономикалық болмысы өзгеріп, ел экономикасы әртараптандырылады. Сол сәтте ғана біз тұрақты дамуға көштік деп айта аламыз",- деді ол.

"Биохим" Компаниясы" АҚ атты жобаның құны 88,6 млн. долларға бағаланады.

Қазір Қазақстанның Даму банкі мен ҚР индустрия және сауда министрлігі биология мен химияның түйілісіндегі өндірістерді дамыту, басқаша айтқанда, этилен мен полиэтилен өндіру жобаларын қарау үстінде. "Биохим" Компаниясы" АҚ-ның жетекшісі Александр Сутягинскийдің айтуынша, "кешеннің базасында биохимиялық зауытты орналастырып дамытуға қажетті база мен мүмкіндік толық".

Өндіріс аясын кеңейтуге, соның ішінде зауыт салуға қажетті инвестициялардың көлемі 850 млн. долларды құраса, тауар түрінде өнім шығару үшін 1,2 млрд. доллар қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны