18.09.2007, 18:46 3219

Үкімет басшысы үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істеуші құрылыс компанияларының іс-қызметін реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауды тапсырды

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігі мен Иділет министрлігіне үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істеуші құрылыс компанияларының іс-қызметін үкімет тарапынан реттеуге мүмкіндік беретіндей етіп заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде жоба жасауды тапсырды. "Үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істейтін құрылыс компанияларының іс-қызметін үкімет тарапынан реттеуге мүмкіндік беру үшін заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын тездетіп жасау қажет", - деп тапсырма берді үкімет басшысы...

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігі мен Иділет министрлігіне үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істеуші құрылыс компанияларының іс-қызметін үкімет тарапынан реттеуге мүмкіндік беретіндей етіп заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде жоба жасауды тапсырды.

"Үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істейтін құрылыс компанияларының іс-қызметін үкімет тарапынан реттеуге мүмкіндік беру үшін заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын тездетіп жасау қажет", - деп тапсырма берді үкімет басшысы бүгін үкіметте өткен отырыста. "Олардың жеке тұлғалардан жинайтын қаржысы тек құрылыс салуға ғана жұмсалуға тиіс", - деді ол.

"Осымен біруақытта үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істейтін құрылыс компанияларына біздің банктерге қатысты қолданып отырған секілді тетікті қолдану мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Демек, егер құрылыс компаниясы банкроттық ахуалында болса, немесе, "құлауға таяп тұса", онда мемлекет "осы тұста килігу арқылы" үлес иелерінің активтерін шартты 1 теңгеге сатып алу мүмкіндігіне ие болуға тиіс, бұл еліміздің банк жүйесінде қолданылатын тетік емес пе ", - деді премьер-министр.

Ол бұған қоса үкіметтің жанынан іс-қызметі еліміздің құрылыс нарығындағы ахуалды реттеуге бағытталған жұмыс комиссиясын құруды тапсырды. Комиссияны индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов басқарады, оған банктер мен құрылыс компанияларының өкілдері енеді. "Бұл шұғыл шешімдер қабылдайтын, тұрақты жұмыс істейтін топ болмақ", - деп нақтылады Кәрім Мәсімов.

Индустрия және сауда министрлігіне құрылыс нарығындағы ахуалды реттеу үшін ірі құрылыс компанияларымен өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қою тапсырылды. "Меморандумға мемлекеттің қолдауына зәру ірі құрылыс компаниялары қол қояды. Ал егер үкіметтен ештеңе қажет емес деп санайтын компаниялар бар болса, олар өз беттерімен жұмыс істей берсін", - деді Кәрім Мәсімов .

"Бүгінгі отырыстан түйетін басты ой - ахуалды реттеуге мемлекеттің әлі келеді, бұл нарыққа үкіметтің араласуы арқылы жеке тлғалардың зардап шегуіне жол берілмейді . Осындай жағдайда қандай әрекет жасау керек екендігі жөнінде түсінігіміз бар. Құрылыс компаниялары мен банктердің бәріне бірдей көмектесе алмаймыз, бірақ үлес иелері зардап шекпейді", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны