11.11.2016, 19:48 4705

Үкімет басшысыныӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин: Алматы облысы қарқынды дамып келеді

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, өӊірдіӊ көлік-логистика инфрақұрылымы нысандарыныӊ және әлеуметтік сала нысандарыныӊ құрылыс барысымен танысты.

Талдықорған. 11 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, өӊірдіӊ көлік-логистика инфрақұрылымы нысандарыныӊ және әлеуметтік сала нысандарыныӊ құрылыс барысымен танысты.

Жұмыс сапары Талдықорған қаласыныӊ әуежайын аралаудан басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын жөндеу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар өӊірдегі туризмді дамыту, соныӊ ішінде Алакөл көлі маӊында туризмді дамытуда қолға алынып жатқан шаралармен таныстырды.

Содан кейін ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасарына ұзындығы 112 км болатын республикалық маӊызы бар Алматы - Өскемен автомобиль жолын жөндеу барысы туралы мәлімделді. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан аталған жобаны іске асыру барысы туралы баяндады. Бір айдыӊ ішінде ұзындығы 245 км болатын Алматы-Талдықорған бөлігінде қозғалыс толығымен ашылады.

Автокөлік жолын жаӊғырту жобасыныӊ атқарылуы жайлы Инвестиция және даму вице-министрі Берік Қамалиев хабарлады.

Берік Қамалиевтіӊ айтуынша, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде "Алматы - Өскемен" трассасыныӊ 112 шақырымдық жолына жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 20,2 млрд. теӊге бөлінген. 2016 жылға дейін республикалық маӊыздағы бұл жолдыӊ 128 шақырымы пайдалануға берілген. Ал биылғы жылы 94 шақырымын, атап айтқанда цемент бетон жабынды 32 шақырым, асфальт бетонды жабын төселген 62 шақырымын іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде 112 шақырымныӊ 4 учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Жыл соӊына дейін Алматы облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізіне кіретін ұзындығы 304 км Алматы - Қорғас учаскесінде құрылыс аяқталады (4-жолақты қозғалыс және цементбетонды жабыны бар бірінші санатты жол).

"Алматы - Талдықорған және Алматы - Қорғас автомобиль жолдары өӊір үшін маӊызды инфрақұрылымдық жобалар болып табылады. Жалпы 2020 жылға дейін Алматы облысыныӊ автожол инфрақұрылымына шамамен 400 млрд теӊге бағытталады. Бұл бүкіл өӊірдіӊ көлік инфрақұрылымын толық жаӊғыртуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті А. Мамин.

Талдықорған қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 394 га болатын Оӊтүстік-Батыс тұрғын үй массивініӊ құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы 240 пәтер болатын төрт тұрғын үй құрылысы аяқталады. 706 пәтер болатын бес коммуналдық үй салынып жатыр. Тоғыз балабақша, бес мектеп, Оқушылар сарайы, емхана, көрме кешені, 16-қабатты қонақ үй, басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған.

Келесі кезекте А. Мамин Талдықорған қаласыныӊ Оӊтүстік-Батыс тұрғын үй алабындағы "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Оӊтүсік-Батыс тұрғын үй алабыныӊ макеттері көрсетіліп, бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандары мен газдандыру мәселесі жайлы толыққанды ақпарат берілді.

Жалпы 2012 жылдан бері бұл жаӊа ауданда жалпы алаӊы 87,8 мыӊ шаршы метр болатын 23 жаӊа тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1619 отбасы баспаналы болған. Бүгінгі күні 5 коммуналдық үйдіӊ құрылысы жүріп жатыр. 6,7 шағын аудандар магистралды инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта 8, 9, 10 шағын аудандарды 1,8 млрд. теӊгеге электрмен, жылу жүйелерімен, телефон байланысымен қамту жоспарланған. А. Мамин 8-10 шағын аудандарды салу жобасын "Нұрлы жер" бағдарламасы негізінде дамытуды тапсырды.

Бірінші вице-премьер "Талдықорған" индустриялық аймағына да атбасын тіреді. Алматы облысында алты индустриялық аймақ салынып жатыр.

Облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасыныӊ басшысы М. Мұрат "Талдықорған" индустриялық аймағында бүгінгі күні жалпы 350 адамды жұмыспен қамтыған 5 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Алдағы уақытта мұнда 13,4 млрд. теӊге инвестиция салынып, 1267 жаӊа жұмыс орнын құратын тағы 10 кәсіпорын орналасады деп жоспарланып отыр. Индустриялық аймаққа инфрақұрылым нысандарын салуға 4,2 млрд. теӊге қарастырылған. Өткен тоғыз ай ішінде 2,0 млрд. теӊге қаржы игерілді. Қазіргі кезде нысандарда инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымы, 10 Квт кабель жүйесі, сыртқы байланыс, кәріз және су жүйелері, темір жол жүйесініӊ құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жылдыӊ соӊына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар Алматыныӊ 4 серіктес қаласыныӊ индустриялық аймағы мен аудандардағы өнеркәсіп аймақтары туралы да мәлімет берілді.

Өӊірге жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары құрылысы аяқталып қалған "Талдықорған" индустриялық аймағын аралады. Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында құрылыс материалдарын шығаратын бес кәсіпорын жұмыс жасайды. Осында тағы 10 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған, ол 1 300-ге жуық жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Түстен кейін бірінші вице-премьердіӊ сапары "Қорғас" ХШЫО-да жалғасты.

Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары, сондай-ақ "Қорғас" ШЫХО-ныӊ бірқатар нысандарын аралады. "Самұрық" орталық алаӊында екі сауда үйі мен терминалды аймақ тұрғызылған.

Бір жыл ішінде 5 инвестициялық нысанныӊ: орталық алаӊныӊ, қолөнершілер қаласыныӊ, бизнес орталықтыӊ, көп функциялы ғимараттыӊ және сауда орталығыныӊ құрылысын аяқтау жоспарда бар.

Сонымен қатар, келушілер үшін ШЫХО аумағында бірыӊғай төлем картасы жүйесін енгізу мәселесі шешілуде. Күн сайын "Қорғас" ШЫХО-ға 3 мыӊға дейін адам келеді.

Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары "екі жылдыӊ ішінде ШЫХО-ныӊ қазақстандық бөлігін құруды аяқтауды тапсырып, сауда алаӊдарын, бірінші кезекте, отандық тауарлармен, сондай-ақ, ЕАЭО елдерініӊ өндірушілерініӊ өнімдерімен толтыру қажеттігін" айтты.

Сондай-ақ, сапар барысында А. Мамин Нұркент ауылында болды. Мұнда екі 60 пәтерлік коммуналды тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталып қалды. Екі шағын отбасылар жатақханасыныӊ құрылысы аяқталған.

А. Маминніӊ қатысуымен "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-ныӊ Құрғақ портын аралау шеӊберінде дәнді дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау бойынша болашақ элеватор орнында капсула салудыӊ салтанатты рәсімі өтті. Аталған нысанныӊ қуаттылығы бір мезгілде 15 мыӊ тонна сақтай алады, екінші желіні әрі қарай кеӊейту арқылы 30 мыӊ тоннаға дейін жетеді. Элеватор 2017 жылғы тамыз айында іске қосылмақ.

А. Мамин аталған іс-шараныӊ АЭА индустриялық аймағындағы алғашқы жоба ретінде маӊыздылығын айтып, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-ныӊ дамуы" Еуразиялық континенттіӊ логистикалық жүйесіндегі өзекті орын алатын басым бағыт болып саналатынын атап өтті.

Алматы облысына жұмыс сапары аясында А. Мамин Алматы-Қорғас учаскесіндегі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомобиль жолыныӊ құрылыс барысымен және "Қорғас" ШЫХО ауданындағы Қорғас өзеніндегі қорғаныш құрылыстарын салу барысымен танысып, қызанақ өсіретін жылыжай кешенін аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны