29.01.2008, 17:14 2923

Үкімет мақұлдаған "ҚТЖ" ҰК" инвестициялық бағдарламасы компания тарифтерін жыл сайын 15%-ға өсіруді көздейді

Үкімет мақұлдаған "ҚТЖ" ҰК" инвестициялық бағдарламасы компания тарифтерін жыл сайын 15%-ға өсіруді көздейді

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет мақұлдаған "Қазақстан Темір Жолы" ҰК"-ның 2008 -2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы компания тарифтерін жыл сайын 15%-ға өсіруді көздейді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бағдарламаны жүзеге асыру көзін қамтамасыз ету үшін тарифтерді сатылы түрде бес жыл бойы инвестицияны өтеуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін көтеру қажет, осыған байланысты жалпы темір жол тарифтерін жыл сайын 15%-ға көтеру межеленіп отыр", -деді С. Ахметов.

"Осы орайда мен негізінен халықаралық бағыттардың, яғни, темір жолмен жүктерді экспорттау мен импорттау бағасының ұлғаятынын атап өткім келеді", -деді ол. "Ел ішінде көмір, астық және ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдауға, яғни, әлеуметтік жүктердің, магистральдық желі қызметінің тарифтері қымбаттамайды", - деді министр.

Оның бағалауынша, ҚТЖ жыл сайын осындай қымбаттаудың көмегімен инвестициялар түрінде "шамамен 680 млрд теңге тартады, бұл 3000 шақырым магистралдық желілерді сауықтыруға, 480 локомотив пен 23 000 жүк вагондарын сатып алуға мүмкіндік береді".

"Бұған қоса тарифтерді ұлғайтудан компанияның кірісі өсіп,тиісінше, несиелердің лимиті ұлғаяды, бұл ұлттық компанияға басқа көздерден де, соның ішінде несиелік қаражаттарды да тартуға жола ашады", - деді С. Ахметов. "Демек, бағдарламаны қабылдау ұлттық компанияға кепілді тасымал көлемін жылына 5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Өз кезегінде еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша, бірқатар министрліктің оңтайландыруының нәтижесінде темір жол кәсіпорнының инвестицияға деген жалпы сұранысы 887,8 млрд теңге деңгейінде белгіленді, ал ҚТЖ бастапқыда 1,2 трлн теңгеге сұраныс берген. "Бағаға сәйкес, темір жолмен жүк тасымалдау тарифтерінің жалпы алғанда 10, 15, 20% өсімі инфляция көрсеткішінің өсіміне (мультипликативтік эффектіні ескергенде) орта есеппен 0,42 - 0,83% әсер етеді", - деді ол.

"Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың ақырғы нәтижесіне сала көрсеткішінің өсуін, соның ішінде жолаушы және жүк тасымалдаушы поездардың қозғалыс жылдамдығын тиісінше сағатына 200 және 80 шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, бұл республиканың транзиттік әлеуеті мен бәсекелестік қабілетін көтеруге оң ықпал етеді", - деді ""ҚТЖ"АҚ ҰК-ның президенті Жақсыбек Күлекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны