20.12.2016, 17:37 4323

Үкімет отырысында Қазақстанныӊ 2016 жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы қарастырылды

Осы уақыт аралығында ЖІӨ 0,8%-ды құраған.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет отырысын ашу кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдыӊ 11 айыныӊ қорытындысы бойынша оӊ көрсеткіштер бар екенін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы экономикалық өсімді нығайту үшін барлық күшті жұмсауды тапсырды.

Осы уақыт аралығында ЖІӨ 0,8%-ды құраған.

"Қазір барлық резервтерді қолданудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардыӊ басшыларымен сөйлестік. Осы жылды 1%-дық өсіммен аяқтай аламыз, сол үшін осы бағытта барлық күшімізді жұмсауымыз керек", - деді Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасыныӊ 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттіӊ атқарылу қорытындысы қарастырылуда.

Құрылыс, АӨК, көлік және өӊдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасы өсімініӊ басты қозғаушы күшіне айналды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанныӊ 2016 жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы қарастырылды.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл қаӊтар-қараша айларында экономика өсімініӊ 0,8% дейін жылдамдауы байқалғанын атап өтті, бұл қаӊтар-қазан айларындағымен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке жоғары. Тауарлар өндірісініӊ өсімі - 0,9%, қызметтер өсімі - 0,6%, өнімдерге салық - 2,4% құрады.

Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өӊдеу өнеркәсібі экономика өсімініӊ басты қозғаушы күшіне айналды.

Өнеркәсіпте оӊ беталыстар байқалады, оныӊ өсімініӊ негізгі көздері өӊдеу өнеркәсібіндегі өсімніӊ озық қарқыны болды, ол тау-кен өнеркәсібіндегімен салыстырғанда жоғары.

Биыл Қазақстан экономикасыныӊ негізгі салаларыныӊ өсімі байқалды.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биылғы 11 айдыӊ қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнімді шығару өсіміне 11 аймақта қол жеткізілгенін атап өтті, ал өткен жылдыӊ осы кезеӊінде мұндай өсім 8 аймақта байқалған еді. Өсімніӊ жоғарғы қарқыны Шығыс Қазақстан облысында - 4,9%, Қарағанды облысында - 4,8%, Ақмола облысында - 4,2% байқалды.

Бұдан басқа, жалпы еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ өсімі 4,5%-ды құрады, бұл өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісініӊ 5,9%-ға артуы есебінен мүмкін болды. Мал шаруашылығы өнімін шығару 2,6%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі тұрғын үй құрылысы және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7,5%-ға артты. Құрылыс көлемініӊ артуы 8 аймақта байқалды. Аса жоғары құрылыс қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында байқалды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымын арттырды.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев экономикалық өсімніӊ оӊ қарқынын ұстап тұрудыӊ басты шарттарыныӊ бірі инвестициялық белсенділікті арттыру болып табылатынын атап өтті. Биылғы 11 ай ішінде инвестициялар көлемі 4,7%, 6 трлн теӊгеге дейін өсті. Өсімге "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және ИИДМБ, дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясындағы индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру ықпал етті.

Сонымен қатар, жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестициялардыӊ оӊ динамикасын атап өткен жөн. Мәселен, қаӊтар-қыркүйек айларында тікелей шетелдік инвестициялардыӊ таза ағымы 12,1 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы деӊгеймен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары.

Биыл мемлекеттік бюджет кірісініӊ өсімі байқалуда.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен, еліміздіӊ 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қарастырылған Үкіметтіӊ кезекті отырысындағы баяндамасында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерсіз) 5,8 трлн теӊге сомасында түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд теӊгені құрады, республикалық - 255 млрд теӊге, жергілікті бюджет бойынша - 141 млрд теӊге.

"11 айдыӊ ішінде өткен жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда 31,8%-ға мемлекеттік бюджет кірістері бойынша өсім байқалады, республика бойынша - 41,1% және жергілікті бюджет бойынша - 13,6% өсім", - деді Б. Сұлтанов.

Жалпы, мемлекеттік бюджет кірістері 107,3%-ға, республикалық - 106,6%-ға, жергілікті - 109,1%-ға орындалды.

Спикердіӊ айтуынша, жыл қорытындысы бойынша салық түсімініӊ айтарлықтай асыра орындалуы күтілуде, шамамен 250-300 млрд теӊге.

"Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді", - деп сөзін түйіндеді қаржы министрі.

Мемлекеттік бюджет шығындары шамамен 9 трлн теӊгеге жетіп, 20%-ға артты. Игеру қарқыны өткен жылдағымен салыстырғанда жақсырақ. Жалпы мемлекеттік бюджет шығыны 97%-ға, республикалық - 98,2%-ға және жергілікті - 96,6%-ға орындалды. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығынын орындау 98,6% шамасында күтілуде.

2016 жылы АӨК еліміздіӊ экономикалық өсімініӊ қозғаушы күшіне айналды.

Бұған еліміздіӊ ауыл шаруашылығындағы оӊ көрсеткіштер дәлел бола алады, бұл туралы кезекті Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрініӊ бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов баяндады.

"Мал шаруашылығы саласында мал басыныӊ орта есеппен 1,3% артуы байқалды. Ет өндірісі 3,5%, сүт - 3,1%, жұмыртқа - 0,1% өсті. Жалпы астық жинау бункерлік салмағында 23,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғыдан 3 млн 900 мыӊ тоннаға артық. Орташа астық түсімі 15,4 ц/га құрады. Жиналған көлем елдіӊ ішкі қажеттілігін және экспорттық әлеуетті 8,5-9 млн тонна деӊгейінде толық қамтамасыз етеді", - деді аграрлық ведомство басшысыныӊ бірінші орынбасары.

Спикердіӊ айтуынша, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында 2,5 млн тонна көкөніс, 1,7 млн тонна бақша өнімі жиналған, бұл өткен жылғы деӊгеймен салыстырғанда 439 мыӊ тоннаға артық. Оӊтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында алма жинау жоғары деӊгейде - сәйкесінше 114 және 70 мыӊ тонна болды.

270 мыӊ тонна мақта алынды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге артық, түсім 24,6 ц/га. Жалпы 503 мыӊ тонна күріш жиналды, түсімі 53,6 ц/га. Күріштіӊ рекордты түсімі - 55 ц/га жуық Қызылорда облысында жиналды.

Сонымен қатар, соӊғы 20 жылда алғаш рет СҚО-да қант қызылшасы егілгенін айта кеткен жөн. 14 мыӊ тонна қызылша жиналды, түсімі 350 ц/га. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 15% артық.

Майлы дақылдар бойынша жалпы түсім 2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге көп.

"Есептік кезеӊде азық-түлік өнімдерін өндіру 3,8% артып, 1,2 трлн теӊгеден асты. Жарма өндіру - 36%, қант - 49%, ұн - 13%, өсімдік майын өндіру - 14%, шұжық және сол сияқты ет өнімдерін өндіру - 10% артты", - деп сөзін қорытындылады Қ. Айтуғанов.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 11 айда 435 млрд теӊге игерілді

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат республикалық деӊгейде толық көлемде дерлік игеріледі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы өз баяндамасында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып өтті.

"Биылғы жылдыӊ 11 айында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 435 млрд теӊге немесе жылдық көлемніӊ 92% -ы игерілді. Жыл бойынша республикалық деӊгейде орындалу көлемі шамамен 99,9% болады деп күтілуде", - деді қаржы ведомствосыныӊ басшысы.

Б. Сұлтановтыӊ айтуынша, жергілікті органдар 215,5 млрд теӊгені немесе берілген қаражаттыӊ 94,5%-ын игерген, 12 млрд теӊге игерілмеген. Игерілмеген қаражаттыӊ еӊ көп көлемі Маӊғыстау мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Аутсайдерлер қатарында Алматы, Ақмола және Атырау облыстары бар. Жұмыс өндірісі кестесінен кешігу игерілмеудіӊ негізгі себебі болып табылады.

"Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражат 87,4%-ға немесе 25 млрд теӊгеге игерілген. Жыл соӊына дейін 13 млрд теӊгені игеру керек", - деді спикер.

Еске сала кетейік, бүгін Үкіметтіӊ кезекті отырысында еліміздіӊ 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылуда.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен аймақтарға бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында орталық мемлекеттік органдар басшылары мен аймақ әкімдерініӊ ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есептерін тыӊдады.

Премьер-Министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өӊірлерде оӊ үдерістер бар екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,5% деӊгейінде жоспарланғаны, бірақ қазір ол 0,8%-ды құрайтынын еске салды.

"Бүгін біз тыӊдаған барлық баяндамалар жылды 1%-дық ЖІӨ деӊгейінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді", - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қаржы министрлігіне бюджет қаражатыныӊ игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

2016 жылы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай жеткізу міндеттемесі толық орындалды

ҚР Үкіметі отырыс барысында ағымдағы жылдыӊ 11 айында Қазақстанныӊ мұнай-газ саласындағы даму нәтижелерін, сондай-ақ ішкі жанар-жағармай нарығындағы ахуалды қарастырды.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған кезеӊдегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 70,8 млн тоннаны құрағаны туралы мәлімдеді. Ағымдағы жылы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар, сонымен қатар Қашағанныӊ іске қосылуы жылдық мұнай өндіру көлемін 74-тен 75,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұнай өӊдеу көлемі 13,1 млн тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерініӊ қажеттілігі үшін арзандатылған ЖЖМ жеткізу толықтай орындалды. Ағымдағы жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы қор көлемі: Аи-92/93 жанармайы - 103 мыӊ тоннадан асады, дизельдік отын көлемі - 155 мыӊ тоннадан асады.

ЖЖМ қалдық көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті қолайлы қорды құрайды. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды.

ҚР ішкі нарығыныӊ көмір және жол битумымен қамтылуы толық көлемде іске асырылуда

ҚР Үкіметініӊ отырысында ішкі нарықтыӊ мұнай химия өнімдерімен қамтылуы және энергетика салалары бойынша ағымдағы жағдай қарастырылды.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев жедел мәліметтер бойынша газ өндірісі 41,9 млрд текше м құрағанын баяндады. 2,4 млн. тонна сұйылтылған газ өндірілген.

Бұдан бөлек, биылғы жылдыӊ 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 475 мыӊ тонна жол битумы өндірілген. Ішкі нарықтыӊ отандық битуммен қамтылуы толық көлемде жүзеге асырылуда.

Жедел мәліметтерге сүйенсек, электр энергиясын өндіру көлемі 84,5 млрд кВт/с, ал көмір өндіру 89,1 млн тоннаны құрады.

Электр энергетикасын тұтынушылардыӊ көмір өнімдерімен қамтылуы (металлургия, өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғындар, коммуналдық-тұрмыстық сектор) 100% орындалуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны