15.01.2008, 14:57 1904

Үкімет салық есептерін тапсырмаған кәсіпкерлерге рақымшылық жасауы керек- кәсіпкерлер форумы

Үкімет салық есептерін тапсырмаған кәсіпкерлерге рақымшылық жасауы керек- кәсіпкерлер форумы

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет бюджет алдында қарызы жоқ және соңғы екі жылдан аса уақыттан бері салық комитетімен байланысты үзген кәсіпкерлерге рақымшылық жасап, 2008 жылы бақылау органдарының бизнес тексерулеріне мораторий жариялауы керек дейді, Қазақстан кәсіпкерлері форумының (ҚКФ) мүшелері.
Кәсіпкерлер осы және тағы да басқа ұсыныстарды 2007 жылдың 6 желтоқсанында Астанада өткен кездесуде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің берген тапсырмасы бойынша дайындады, деп хабарлайды агенттік Қазақстан кәсіпкерлері форумының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мұнавара Палташеваның пікірінше, бизнестің дамуына көбінесе заңнамалардың жетілдірілмегені, өкілетті органдардың нашар қызметі және даму институттары арасындағы қарым-қатынастарының сылбырлығы кедергі келдіреді.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚКФ дайындаған ұсыныстарында үкіметтің 23 бұйрығы мен 37 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың кестесі келтірілген. " Үкіметтің бірқатар қаулылары мен бұйрықтары бизнесте қордаланған мәселелерді толығымен шеше алмайтынын ескере отырып, форум мүшелері 16 заңға 95 өзгерту енгізіп, 6 кодекске 88 толықтыру жасау жөнінде ұсыныстарын енгізді. Ал жалпы форумның жұмыс тобының мүшелерімен заңнамаларға енгізілетін 263 ұсыныс дайындалды", - деп хабарлады М. Палташева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны