23.10.2007, 18:27 2990

Үкіметтің 2007 жылғы бюджетті нақтылауға байланысты қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Үкіметтің 2007 жылғы бюджетті нақтылауға байланысты қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкіметі "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңды жүзеге асыру туралы" және "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар паспортын бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" үкімет қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Аталмыш қаулы 2007 жылға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу туралы парламент 2007 жылдың 18-қазанында мақұлдап, 22-қазанында бекіткен заңды жүзеге асыру мақсатында әзірленген",- деп түсіндірді бүгін үкімет отырысында сөйлеген сөзінде экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

"Үстіміздегі жылдың бюджетіне енгізілетін өзгертулерді орындау бірінші жобасында қабылданып, бюджеттің кіріс бөлімінің көрсеткіштерінің ерекшелік деңгейінде, шығын бөлімі - қосымша бағдарлама деңгейінде бекітіледі. Соныен қатар жекелеген администраторлардың қаржыны тиімді және толық игеру мақсатында қосымша бағдарламалар арасында қайта бөлу туралы ұсыныстары да ескерілген",- деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, үкімет резервінің "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайлар резервінен 4,8 млрд теңгені шұғыл шығындарға қайта бөлу бөліміне" өзгерістер енгізілген.

Сондай-ақ, Ұлттық қорға бағытталған түсім көлемін нақтылау бөліміндегі қаулы жобасының тиісті қосымшасына өзгертулер енгізілген, сонымен қатар "бюджеттің инвестициялық бөлімін нысан бойынша бөлу бекітілген".

Б. Сұлтанов сондай-ақ, "2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспортына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жоба әзірленді, ол үстіміздегі жылдың бюджетін жүзеге асыруға бағытталған негізгі шаралардан тұрады", деп хабарлады.

"Қаулы жобасына бюджетті нақтылау туралы қабылданған заңға сәйкес жаңа бюджеттік бағдарламалар паспорты қосылған",- деп түсіндіріп өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны