20.05.2009, 13:24 1349

ҰҚК Шекара қызметінде қаржылық тәртіп бұзушылықтар, сондай-ақ контрабандалардың түйісуі мен олардың ресімделуі бойынша үйлестіру мен өзара іс-қимылдың болмау фактілері анықталды - Есеп комитеті

ҰҚК Шекара қызметінде қаржылық тәртіп бұзушылықтар, сондай-ақ контрабандалардың түйісуі мен олардың ресімделуі бойынша үйлестіру мен өзара іс-қимылдың болмау фактілері анықталды - Есеп комитеті

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Есеп Комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметіне 2007-2008 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын бақылау нәтижелерін қарады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бақылау-талдау шаралары барысында қаржылық тәртіп бұзушылықтар, сондай-ақ контрабандалардың түйісуі мен олардың ресімделуі бойынша үйлестіру мен өзара іс-қимылдың болмау фактілері анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша үкіметке, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне анықталған заң бұзушылықтарды болдырмау жөнінде ұсынымдар, олардың алдын алу бойынша тұжырымдар берілді.

Есеп комитеті ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны