15.01.2009, 13:17 1549

Илемдік экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады - премьер

Дүниежүзін шарпыған экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай болжам жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзін шарпыған экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай болжам жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен кеше Халықаралық валюта қоры мен бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдармен келіссөздер жүргіздім. Илемдегі бұл дағдарыс ұзаққа созылмақ. Біз бастапқыда дағдарыстың шарықтау шегі 2009 жылдың көктем немесе күзіне дөп келеді деп болжаған болсақ, қазіргі жағдай осы жолғы дағдарыстың қысқа мерзімді емес, ұзаққа созылатындығын көрсетіп отыр", -деді премьер-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның саудадағы басты серіктестері Ресей мен Қытайда "егер экономикалық өсім болып жатса, ол өте төмен өсім болмақ". Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның транспорт саласын дамытуға әсерін тигізбек, деді премьер-министр. "Қазақстанның өнім экспорттау 2008 жылдың төртінші тоқсанында төмендеді, бұл жайт 2009 жыл бойы жалғасатын шығар", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны