23.05.2008, 11:44 1089

Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қарауына 12,3 млрд доллардың 300-ден астам жобасы түсті

Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қарауына 12,3 млрд доллардың 300-ден астам жобасы түсті

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қарауына 12,3 млрд доллардың 300-ден астам жобасы түсті. Бұл туралы бүгін "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі жағдаймен Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерді өндірістендіруге белсене кірісті. Олардың қарауына 12,3 млрд доллардың 335 жобасы келіп түсті", - деді Е. Мамытбеков.

Оның мәліметінше, жалпы саннан 479,8 млн доллардың 28 жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, 8,9 млрд доллардың 59 жобасы жұмыста жатыр.

"Құрылған жеті ИКК-ның үшеуі - "Сарыарқа", "Батыс" және "Оңтүстік" нақты жұмысқа кірісті, оған 3,5 млрд теңге жұмсалды", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны